Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 03.07.2025, 14:27

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудағы әдістемелік көмек
         «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» деңгейлік бағдарламалар орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылдың  22, 24 қазан  күндері  үшінші (базалық) деңгей курсын өткен мұғалімдерге орталықтың 11 тренерімен Көкшетау қаласының мектептеріндегі мұғалімдерге әдістемелік көмек ұйымдастырылды. Тренерлер 46 мұғалімнің сабақ мазмұнынан  бағдарлама негізіндегі табысты әдіс-тәсілдерді көрді:
-         жаңа әдіс- тәсілдерді меңгеріп, өз тәжірибелерінде қолдана білу;
-         өзгеріске шыдамдылық, икемділік таныту;
-         кездескен кедергілер мен қиындықтарды шеше білу;
-         жаңа шешімдер, ұсыныстар таба білу;
-         әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіру;
-         желілік қауымдастықтағы әріптестерімен байланыста бола білу;
-         құжаттармен, деректермен жұмыс жасап, оларды топтай білу;
-         білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту;
-         әріптестерімен, ата- аналарымен дұрыс қарым – қатынас орната білу;
-         кәсібінде үнемі ізденіс үстінде болу;
-         модульдерді ықпалдастыра тапсырмаларды оқушының табысқа жетуіне бағыттау;
-         топтық жұмыстарды ұйымдастыруда оқушылар ынтымақтастығына, бірлескен шешімдер қабылдауына, еркін ойлары мен нақты идеяларын айтуға мүмкіндік жасау; - дегендей көңіл қуантатын оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдердің өз орнымен жүзеге асып жатқаны байқалды.
Әр ұстаз сабақтарына жеті модульді енгізе отыра, оқушыларының ынтымақтастық атмосфераларын қалыптастырып, сабақты тартымды, қызықты өткізіп, топтық жұмыстарда белсенділіктерін арттыра білді.       
    Педагогтар сабақтың тақырыптарына сәйкес әрбір тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне бағытталған, оқушылардың жаңа тәсілдер арқылы өзінің алған бағасының мәнін түсінетіндей өзін-өзі, өзара бағалап, өз бағасының табысты жақтарына түсінуге бағыттап ұйымдастырды. Педагогтардың жаңа бағдарлама негізінде іс-тәжірибелерімен  алмасулары үшін екі күндік іс- шара бойынша шебер сыныптар іс-шарасы ұйымдастырылды. Шебер-сыныптарға қала мектептерінің  80 мұғалімі қатысты, әр мұғалім өздерінің осы уақыт кезінде туындаған проблемалар мен жетістіктерімен бөлісті. Кейбір ұстаздардың іс- тәжірибелерінде кездесетін қиындықтарға көңіл аударылды: оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту.
Қалалық мұғалімдерге Lesson study/сабақты зерттеу бойынша әдістемелік көмек өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды, әр ұстаздың әріптестермен осындай кедергілерді жоюдың тиімді жолдарын қарастырып, өздері үшін алға қарай жылжудың бір қадамы болғаны туралы айтып, ризашылықтарын білдірді.
2011-2012  оқу жылында жаңа оқыту тәсілдерін зерттеп, өздерінің тәжірибесінде қолданып,  мониторинг және оқушылардың жетістіктеріне сүйене отырып бір жыл болса да, нәтижеге жеткендерін мұғалімдер: Әдей Жайнагул, Алпыспаева С.А. , Жунусова С.Е.  (№3 ДББББ), Маукаева Айдана, Хасенова Т.Е. (М. Ғабдуллин атындағы №3ОМ), Магавина М.Е. Жумабаева Ж.Е. (Красный Яр №3 ОМ), Ахтанова З.Е. ( №18 ОМ), Какимова А.К., Клушева М.Н., Савченко Л.С., Бекбергенова Ш.Б. (№17 ОМ), Балтабаева Б.А. (№ 14 ОМ), Хамитова А.Ж. , Амрина Ш.А., Полякова А.А. (№21 ОМ), Кибатова М. (№13 ЭКОС), Билялова Г. А., Верясова  Е.Н. Андреева Е.  (№1 ОМ)
     Келешекте осындай әдістемелік көмек байланыс орнатуға, желілік қауымдастықта тәжірибе алмасуға,  проблемаларды анықтап, оның шешудің жолдарын ойластырып, бірлесе шешуге мүмкіндік беретін деңгейлік бағдарламалар орталығының сайты (http://kokshetau-cup.edubicle.org) болмақ.
Тренерлер: Аембаева А.Е., Суюндыкова Б.С.
 
 
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (31.10.2013)
Просмотров: 2039
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz