2014 жылдың
14 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтыда» жас оқытушы Студиясының
кезекті сабағы өтті. Студия жұмысы
институттың жас мамандарын оқыту мен қарым-қатынас құрудың дәстүрлі формасы
болып отыр. Жас оқытушылармен жұмыс жүргізудің мақсаты - ұжымда тұлғалық
бейімделуі мен кәсіби қалыптасуына әдістемелік көмек көрсету. Студия
ұйымдастырушыларының міндеттері жас оқытушылардың ұжымда бейімделу үдерісін
жеделдетуге жағдай жасау, жас педеагогтардың оқытушылық қызметінің жеке дара
стилін дамыту, педагогикалық ғылымның жетістіктерін тануға және енгізуге көмек
көрсету, аға оқытушылардың педагогикалық тәжірибелерін насихаттау, кәсіби
қиыншылықтарды шешуге көмектесу, үздіксіз өздігінен білім алу қажеттіліктерін
қалыптастыруға ат салысу болып табылады. Сабақтың
тақырыбы: «Заманауи кәсіпқой-педагогтың имиджі», оның құрылымдық компоненттері,
адамның кәсіби дәрежесінің құрамдас бөлігі ретінде жетістікке жеткен кәсіпқой
имиджінің қағидаттары. Сабақ тренинг
түрінде, еркін формада өтті. Студия қатысушылары заманауи педагог имиджінің
ерекшеліктерін игеріп, бұл сұрақ бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Сабақ «Жақсы
сабағыңыз үшін рахмет!» сөздерімен аяқталды. 
|