Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 17.05.2024, 06:41

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Ынтымақтастық туралы келісім

«Өрлеу» «ҰБАО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің арттыру институты» мен Ақмола облысы әкімдігі жанындағы «Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығы» арасында 2014 жылдың 17 қаңтарында, Қазақстан Президентінің халыққа кезекті жолдауын талқылау күнінде, ынтымақтастық меморандумына қол қою рәмімі өтті. Аталмыш меморандум мемлекеттік қызметкерлер мен облыстық педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту, азаматтық қоғамды қалыптастыру ұстанымын негізінде облыстық және қалалық мемлекеттік құрылымдармен ықтымақтастық шекарасын кеңейту мақсатында қол қойылды. Екі жақ кездесулер, кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуді қамтитын  өзара бірлескен қызмет туралы келісімге келді;  курстық іс-шараларды өткізуге екі жақтың оқытушыларын шақыру, біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру; осы келісімнің жүзеге асуы үшін өзара мүддесін ұсына білетін іс-шаралар туралы бір-бірін ақпараттандырып отыру. Іс-шара біліктілікті арттыру институтының ұжымының қатысуымен салтанатты жағдайда өтті.  Сөзді институт директоры Е. Т. Исимбаев бастап, өз сөзінде  әрі қарай Орталықпен жемісті ықтымақтастықта боламыз деген үмітін білдірді. Орталық директоры А.Б Баймагамбетов өз сөзінде бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің де, педагогикалық қызметкерлердің де біліктілігін арттыру саласында тәжірибе алмасуларына ұжымдардың өзара тығыз байланысуына мүмкіндік беру туралы біріккен жұмыстардың тәжірибелік бағытын атап көрсетті. 

Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (17.01.2014)
Просмотров: 692
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz