Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 03.05.2024, 08:13

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Тиімді менеджменттен - сапалы білімге
2014 жылыдң 20 ақпанында мектеп мұғалімдеріне, пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілеріне, мектеп директоры орынбасарларына, білім беру мекемелерінің басшыларына арналып «Тиімді білім беру менеджменті: құжылуының өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша он-лайн режимінде облыстық семинар өтті.  
    Семинар аясында Ақмола облысының білім беру кеңістігінде әдістемелік көмек көрсетудің интерактивті формалары мен инновациялық қызметтің бағыттары таныстырылды.
   Семинар барысында  имидж-алаңшалардың, мектеп директорының шығармашылық зертханасы, оқу ісі жөніндегі орынбасарлардың шығармашылық шеберханалары жтуралы презентациялар көрсетілді.
         Семинарды «Білім беру менеджменті: тарихы, құрылуы, даму жолдары» тақырыбымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры Е.Т.Исимбаев бастады.
        Мектеп басшыларының кәсіби деңгейін арттыру және жаңа тип менеджерлерін қалыптастыру бойынша институт жұмысының жүйесі туралы директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Акишева баяндады, ол семинар қатысушыларын білім беру мекемелерінің басшыларына арналған курстық сабақтарды ұйымдастырудың деңгейлік тәсілдерінің ерекшеліктерімен таныстырды.
         Тиімді менеджмент мәселелері бойынша баяндама оқығандар: мұғалімнің педагогикалық дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі Конкашев М.А. - «Білім беру менеджерлерін мәдени басқарылуын қалыптастыру» және осы аталған кафедраның аға оқытушысы Н.Е.Крамаренко «Заманауи мектептің білім беру кеңістігін жаңарту».
         Мектеп басшысының «Білім беру мекемелерінде инновациялық үдерістерді басқару» шығармашылық зертханасында № 16 ОМ директоры Тулеймисова Б.Н. қатысты. Ол ҚБМ (қоғамдық-белсенді мектепті) басқарудың ерекшелігі, ата-аналар қауымдастығымен өзара қатынас орнату, оқушыларды қоғамдық өмірге белсенді қатысуға баулу туралы сөз сөйледі.  № 16 ОМ түлектерімен мектептің дамуын қолдау жөніндегі қоғамдық қор ашылды. Бұл білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымының жұмысы 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Білім беруін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірін жүзеге асыру болып табылады: оқушылардың көшбасшылық қасиетін, белсенді өмірлік ұстанымын және ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру.  
         «Оқушылардың жобалық қызметі дағдыларын қалыптастыруды басқарудың жұмыс жүйесі» атты имидж-алаңшада № 5 «Таңдау» КМГ директоры Башарова Д.У. қатысты, ол оқушыларды жобалық қызметке баулу бойынша педагогикалық ұжым жұмысының презентациясын таныстырып, сөз сөйледі. Гимназия жұмысында бұл бағыт сабақтастық қағидатына негізделген: бастауыш мектептердегі «Зерттеушілік қызметтің негіздері» вариативті курстары, орта буындарда «Жобалық қызмет» және жоғарғы сыныптардағы оқушылардың «Веста» ғылыми қоғамы.  Дина Уразгалиевнаның басшылығымен педагогикалық ұжым 12-жылдық мектеп технологиясын жүргізетін жобалық технология негізінде бәсекеге қабілетті түлекті дайындаудың құзыреттілік тәсілін және гимназияның барлық шәкірттерін зерттеушілік қызметке баулу міндетін жүзеге асырады, өйткені оқытудың нәтижеге бағытталған моделінің негізгі қағидаты (Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңартудың негізі): «әрбір оқушы сапалы білім алуыға құқылы».  
     «Оқу-әдістемелік үдерісті дайындауға технологияландыруды енгізуді басқару» атты оқу ісі меңгерушісінің шығармашылық шеберханасында білім беру технологияларын енгізу бойынша жұмыс тәжірибесінің презентициясы көрсетілді: Атбасар ауданы № 3 ОМ (Торговкина Т.А., директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары), Көкшетау қ. № 13 «Экос» ЭМГ (Нугманова  С.Б., директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары), № 19 ОМ (Хусаинова М.Г., директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары). Бұл мектептердің педагогикалық ұжымдары тәжірибені құжаттық тұрғыдан қамту, мониторингтік қызмет және В.Монахов, М.Жанпеисова, В.Зайцев технологияларының негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша үлкен тәжірибе жинаған. 2014 жылдың аяғында технологияландыру бойынша облыстық тәжірибе аяқталып, барлық мұғалімдердің білім беру технологияларының біреуін және жобалық технологияларды игеруінсіз мүмкін болмайтын, 12-жылдық білім беру жүйесіне енуді жеңілдету мақсатында Ақмола облысы мектептерінің педагогтарына арналып инновациялық технологиялар негізінде сабақтардың әзірлемелері ұсынылып, қорытынды шығарылады.  
     Семинар 12-жылдық мектеп жағдайында оқу үдерісін дайындаудың негізгі бағыттарын анықтаумен және Ақмола облысындағы білім беру кеңістігінің модельдерін талқылаумен аяқталды.  
           Семинарға қатысушылардың, директорлардың, оқу ісі меңгерушілерінің және Көкшетау қаласы (42 нысан) мен жеті ауданның (Атбасар, Астрахан, Жақсы, Зеренді, ЕгіндікөлҚорғалжын,  Шортанды) мектеп мұғалімдерінің пікірлері бойынша семинар тақырыбы өзекті: жаңартылған білім беру мазмұнына көшудің сәтті ұйымдастырылуы тиімді білім беру менеджментіне байланысты.   
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (24.02.2014)
Просмотров: 699
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz