Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 19.05.2024, 13:23

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Үшінші базалық деңгей бойынша Ақмола облысы педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын аяқтауы бойынша сертификаттарды тапсыру салтанаты
2013 жылдың 25 ақпаны мен 19 мамыры аралығында «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» акционердік қоғамының филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында Кембридж Университетінің Халықаралық емтихандық кеңесі және  «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ арасындағы Келісім аясында Кембридж Университетінің білім факультетімен бірлесе жасалған  бағдарламаның үшінші негізгі деңгейі  бойынша үш айлық біліктілікті арттыру курстарының  І легінде   Ақмола облысының мектептерінің 180 педагогы оқып шықты.
Курсты аяқтағаннан кейін 180 мұғалім біліктілік емтихандарына жіберілді. Оның 119 -ы 20 және одан да жоғары балдар ала отырып, емтиханды сәтті тапсырды. 24 маусым күні біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша сертификатын тапсыру салтанаты өтті. Емтиханды сәтті тапсырған мұғалімдер 2013 жылдың 1 қыркүйегінен  бастап жалақысына 30% үстеме ақы төлеуге кепілдік беретін сертификытын алды.
Сертификаттарды  тапсыру салтанатын біліктілікті арттыру институтының директоры Еркін Тұрашұлы Исимбаев облысымыздың мұғалімдерін қуанышты салтанатымен құттықтап, біліктілікті арттыру жүйесіндегі жаңаша оқытудың маңыздылығына тоқталды. Сол сияқты  сертификаттарды  тапсыру салтанатында  құрметті қонақтар «Нұр Отан»  халықтық демократиялық партиясынан  Ж.Искакова,  Алматы қаласы мен Ақмола облысы бойынша білім және ғылым  қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы С. Досанова сөз сөйлеп,  ұстаздарды құттықтады. Ақмола облысының балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Н.Замолоцких, Ақмола облысы бойынша білім беру саласын бақылау департаментінің  бас маманы Г.Тасбулатова тыңдаушылардың сертификаттарын табыс етті.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ
Академиялық бөлімінің бас маманы
Алькенова Ботагоз Камзовна
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (26.06.2013)
Просмотров: 768
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz