Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 25.11.2017, 10:31

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»
   «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері Иманова Алия Нығметқызы, Самуратова Рауза Төкенқызы 2013 жылдың 28-29 қазаны аралығында  Атбасар, Сандықтау, Зеренді аудандары мектептерінің үшінші негізгі деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетіп қайтты.
     Үш аудан бойынша 20 сабаққа қатысқан тренерлер  мұғалімдердің Бағдарламаның түйінді идеяларын практикаға қалай енгізіп жатқанына көз жеткізіп, бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, Атбасар ауданының №1, №3 орта мектептерінде биология пәнінің мұғалімі Тоқбергенова Әйгерім Қайроллақызы, география пәні мұғалімі Ерлан Асқарұлы,  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бөлегенов Ербол, информатика пәні мұғалімі Закусилова К.П., қазақ тілі мұғалімі Карымсакова А.К., орыс тілі мұғалімі Жакина Б.Ж., химия пәні мұғалімі Сыздыкова А., Сандықтау ауданы №1 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Задорожная О.А., тарих пәнінің мұғалімі Попов Валерий Александрович, даярлық тобы мұғалімі Дерягина Ирина Викторовна, Новоникольский орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Садуова С.Ж., тарих пәні мұғалімі Абинова Г.И., орыс тілі мұғалімі Асютина С.А., Зеренді ауданы қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асқанбаева Гүлнұр, Зеренді №1 орта мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Башмачникова Л.И.  өткізген сабақтарда оқушылардың проблемалық мәселелерді  топтарда, жұптарда  бірлесе шешіп, ортақ шешім шығаруға, өз ойын еркін, ашық білдіруге,  жоба қорғауға дағдыланып алғандығы байқалды.
 
Мұғалімдер сыныпта жайлы психологиялық ахуал орнату, ынталандыру жұмыстарын, сыни ойлауға жетелейтін тапсырмаларды ұтымды жүргізіп, интерактивті тақта мүмкіндіктерін орнымен пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасайды.
Түстен кейін ауданның үшінші негізгі деңгей мұғалімдері үшін   тәжірибеге    Lesson Study –ді енгізу  бойынша шеберлік сыныптары өтті. Шеберлік сыныптарында үш аудан бойынша барлығы 112 мұғалім қамтылды.
Шеберлік сыныптары онлай-платформалар ресурстарын, сонымен қатар мұғалімнің жеке практикасына негізделген материалдарды пайдалана отырып, мұғалімнің кәсіби практикасын және практикалық сабақтарын жетілдіру үшін Lesson Study  енгізу бойынша интерактивті шағын дәрістер кешенінен тұрды. Интерактивті дәріске оқытудың ақпараттық технологияларын пайдалана отырып, зерттеушілік сипатта болған диалогтік оқыту кірді.  Мұғалімдердің сұраныстары мен қажеттіліктерін, педагогтің табыстылығын зерттеу бойынша сауалнама және Бағдарлама модульдерін енгізу бойынша педагог сауалнамасы жүргізілді. Мұғалімдер өз тәжірибесі бойынша ой бөлісіп, әркім өзіне кездескен қиындықтарды қалай жеңгендігі жөнінде тәжірибе алмасты.
Нәтижесінде, мұғалімдер әдістемелік көмек алғандарына ризашылықтарын білдіре отырып, осындай әдістемелік көмек мақсатындағы шеберлік сыныптары, семинарлар жиі болып тұрса деген өтініштерін білдірді.
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (31.10.2013)
Просмотров: 502
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz