Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 02.05.2024, 14:23

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

"Өрлеу" БАҰО" АҚ Ақмола облысы бойынша филиалындағы математика мұғалімдері курсының көшпелі практикалық сабағы
"Өрлеу" БАҰО" АҚ Ақмола облысы бойынша филиалындағы математика мұғалімдері курсының көшпелі практикалық сабағы
 
 
2014 жылдың 13-24 қаңтары  кезеңінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы базасында «Математиканы оқыту кезінде жобалау жұмысын ұйымдастырудың  ғылыми-әдістемелік  негіздері»  тақырыбында математика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы өтті.  Аталған курстың практикалық сабағы  Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өтті.  Математика мұғалімдері үшін «Оқушылардың білімін бағалаудың жаңа тәсілдері» тақырыбында семинар ұйымдастырылған болатын. Семинар теориялық және практикалық бөлімнен тұрды. Математика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі басшысы Ескендирова Т.Н. тыңдаушыларды НЗМ-де 2013 жылдың 1 қыркүйегінен жүзеге асырылып келе жатқан кіріктірілген оқу бағдарламасы ерекшеліктерімен таныстырды. Аталған оқу бағдарламасы аясында оқушыларды критериалды бағалаудың жаңа моделі енгізілуде. НЗМ мұғалімдерінің шеберлік сыныптары кезінде оқушыларды оқыту барысында критериалды бағалаудың аталған моделі практикада қалайша жүзеге асырылатыны көрсетілді. Тыңдаушылар:
Попова Ю.И. – «Айналыс денелері, 11 сынып; 
Топоркова Л.Н. – «Қысқартылған көбейту формулалары», 7 сынып;
Ахметов Б.И., Токтыбаев Н.Д. – «Көпмүшелер», 11 сынып сабақтарына қатысты.
         Семинар қорытындысында семинар қатысушыларының НЗМ әкімшілігі және математика мұғалімдерімен диалогі түрінде «Сұрақ-жауап сәті» болды.  Мектеп директоры  Нупеисов С.Е. аталған кездесу дің өзектілігі мен пайдалылығын атап өтті. Аталған жобаны оқу жылының басынан жүзеге асыра отырып,  НЗМ мұғалімдері осы бағытта белгілі бір тәжірибе жинақтады, әрі Ақмола облысы мұғалімдерімен бөлісуге дайын. Көкшетау қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуге қызығушылық білдіретін, өз практикасына олардың тәжірибесін қолданғысы келетін облыс педагогтерінің барлығы үшін ашық.    
Курс тыңдаушылары аталған семинар ұйымдастырушыларына критериалдық бағалау, үштілділік, командалық сабақ беру технологияларын практикада қолдануды көруге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді. 

Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (29.01.2014)
Просмотров: 1135
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz