Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 02.05.2024, 23:10

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Республикалық он-лайн семинар

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ-ның» 2014 жылға арналған жоспарына сәйкес және педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен әлеуметтік дәрежесін көтеру және олардың педагогикалық шеберлігін ынталандыру мақсатында 20-ақпанда сағат 15.00-де «Көптілділік-қазіргі заман қоғамында тұлғаны әлеуметтендіру факторларының бірі» тақырыбында Республикалық он-лайн семинар өтті.

         Он-лайн семинарға барлық облыстардың «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары кафедраларының ПОҚ, ғалымдар, тәжірибеші-педагогтар, әдіскерлер, директорлар, мектеп директорларының  ҒӘЖ мен ОТЖ жөніндегі орынбасарлары, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалардың педагогтары қатысты.

         Семинар барысында үштілділік жағдайындағы мәдениетаралық коммуникация, көптілділік оқыту үдерісінде көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру, мектеп ортасында екі және көптілділікті қалыптастыру, дүние танудағы көптілділік сұрақтары қарастырылды.

         Семинарды қорытындылай отырып, білім берудегі көптілділік мәселелерін қарастыру өзекті болып табылатынын айта кеткен жөн. Көптілді білім беру - өзара тәуелді және өзара байланысты дүние жағдайында жас ұрпақты тіршілік әрекетіне үйретудің ықпалды құралы.

         Әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтай алатын, өз халқының тарихы мен салт-дәстүрін білетін, бірнеше тілді меңгерген, кез келген жағдайда үш тілде коммуникативті-әрекеттік операцияларды орындауға қабілетті, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылған көпмәдениетті тұлғаны дамыту – көптілді білім берудің негізгі мақсаты болып табылады.

         Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, он-лайн семинарға қатысушылардың ұсынғандары:

1.      «Қазақстан-2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында көптілді білім беруді дамыту бойынша жұмысты жетілдіру. 

2.     АКТ және жаңа педагогикалық технологияларды көптілді білім беру моделіне енгізу

3.     ҚР көптілді білім беруінде педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінің рөлін күшейту

4.     Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы № 3 бейінді көптілді мектеп-гимназиясының көптілділік бойынша жұмыс тәжірибесін тану және тарату.

Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (27.02.2014)
Просмотров: 803
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz