Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 19.05.2024, 10:29

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

ПРЕСС-РЕЛИЗ «Өзгермелі әлемге мұғалімді дайындау»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  акционерлік қоғамының филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру институты  2013 жылдың 25 ақпаны мен 19 мамыры  және  25 наурызы мен 16 маусымы аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ және Кембридж  универститеті Білім факультетінің бірлескен  бағдарламасы бойынша үш айлық курстың үшінші (базалық) деңгейі бойынша Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдерін оқыттық.  Соның 180 педагогі біліктілік емтиханын тапсырды.  Сол сияқты екінші  лезінде 199 педагог білім алып, 16 шілдеде кәсіптік емтиханын тапсырды. Сонда 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында облысымыздың 380 мұғалімі үшайлық үшінші (базалық) деңгейлік оқуынан өтті.  Бұл педагогтердің бәрі де  Бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейінің сертификатын,  жалақысына 30%-дық үстеме ақы алуға үміктерлері. Бірінші лекте Республика бойынша  2271 мұғалім біліктілік емтиханын тапсырды.   Курстың екінші кезеңінде «Назарбаев  Зияткерлік мектептері» Автономды білім  ұйымының «Педагогикалық өлшем орталығы» филиалының  экспертері  В.В.Рахмаил, М.К.Түйебаев, А.Б. Тәттімбетова тренерлермен және тыңдаушылармен  кеңесшілік, бақылаушылық жұмыстарын  жүргізіп, мұғалімдердің практикада құрған потрфолиоларын тәуелсіз бақылаушы ретінде бағалады.
Үш айлық курста  380 педагогті институтымыздың сертификаттандырылған 13 тренері жан–жақты 7 модуль бойынша теориялық білім беріп, оның практикада қолдану жолдарына оқытады. Сол сияқты курстың бірінші кезеңінде ағылшын тьюторы  Brian Lane «Өзгермелі әлемге мұғалімді дайындау» дәрісін оқыды. 
Курсты аяқтау кезеңі, ол біліктілік емтиханын тапсыру. Біліктілік емтиханы мұғалімдерді бағалаудың қорытынды рәсімдерінің бірі болып табылады және бағдарламаның барлық негізгі идеялары мен модульдерін қамтитын тест сұрақтарынан тұрады. Біліктілік емтиханы сыртқы бақылаушылардың қатаң бақылауымен ашық түрде өтті. Емтихан тапсырмаларын Халықаралық DHL пошта қызметі тікелей  емтихан өтетін орынға әкелді. Емтихан аяқталған соң, мұғалімдердің сұрақ және жауап парақтары «Педагогикалық өлшемдер орталығы» филиалына жеткізу үшін DHL өкілдеріне табыс етіледі.
2012-2013 жылдары  облысымыздың 782 мұғалімін жаңаша талап бойынша үшінші (базалық) деңгей  бойынша оқытып, оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесіне көп көңіл бөлініп отырмыз.
Бүгінгі  заман талабына сай өзгермелі әлемге  жаңа мұғалімді дайындау  біліктілікті арттыру институтының негізгі мақсаты.
 2013 жылы 1 легінде оқыған облысымыздың 180 мұғалім біліктілік емтихандарына  жіберілді. Оның 119 -ы 20 және одан да жоғары балдар ала отырып, емтиханды сәтті тапсырды. 24 маусым күні біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша сертификатын тапсыру салтанаты өтті. Емтиханды сәтті тапсырған мұғалімдер 2013 жылдың 1 қыркүйегінен  бастап жалақысына 30% үстеме ақы төлеуге кепілдік беретін сертификытын алды.
 16 маусымда 2 лек біліктілік емтиханын тапсырып, қорытынды ұпайларын тосуда. Қорғаған портфолиосы мен кәсіптік емтихан ұпайлары, емтихан өткеннен кейін екі жұмадан соң  шығарылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы бойынша  мектеп бітірушілер ҰБТ тапсырып жатса, мұғалімдері де өз білім деңгейлерін арттырып, кәсіптік емтиханын яғни тест түрінде тура ҰБТ сияқты тапсырады.  Бала оқытып жүріп, білімдерін үнемі арттырып жүрген мұғалімдерге шыдамдылық тілейміз.
Біліктілік емтиханын тапсырған педагогтердің бәрі де үш айлық курстан алған  білімдерін  практикада пайдаланып,  еліміздің болашағын гүлдендіретін  балаларға арнайды деген үміттеміз.
 
Жазған:  Ботагөз Хамзақызы
«Өрлеу» БАҰО ПҚ БАИ
Академиялық  бөлімінің  бас маманы
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (26.06.2013)
Просмотров: 1003
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz