Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 16.05.2024, 23:24

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Педагогтың кәсіби өсуі білімнің жаңа сапасын қамтудың шарты» тақырыбындағы I-ші Республикалық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңі туралы
2013 жылғы 25 сәуірде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында Педагогикалық оқулардың «Педагогтың кәсіби өсуі білімнің жаңа сапасын қамтудың шарты» тақырыбында облыстық кезеңі өтті. Педагогикалық оқулар жөніндегі ұйымдастыру комитетінің адресіне 164 баяндама ұсынылып, 83 баяндама Бағдарламаға енгізілді.
Пленарлық мәжілісте қатысушылар алдында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры Исимбаев Еркін Тұрашұлы, облыстық білім беру саласындағы бақылау департаментінің директоры Қазмағанбетов Алтай Ғабдрахманұлы, облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің директоры Замолоцких Наталья Васильевна құттықтау сөз сөйледі.
Педагогикалық оқулар жұмысына облыстық білім басқармасының бастығының орынбасары Жанбаев  Берік Амантайұлы, «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалының қоғамдық-саяси жұмысы бөлімінің меңгерушісі  Жакупов Жанат Еркінұлы қатысты.
Пленарлық кеңесте педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Мырзахметов атындағы университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс бойынша проректоры Лепешев Дмитрий Владимирович «Білім және тәрбие философиясының теориясы: жағдайы, проблемалары» тақырыбында, 3 базалық деңгей тренері Уәлиев Серік Сұлтанбекұлы «Үш айлық курстардағы оқытудың  андрагогикалық принциптері» тақырыбында, Зеренді ауданы Ортағаш орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қошанов Серік Сүлейменұлы «Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану – оқушылардың дарындылығын дамыту құралы» тақырыбында баяндама оқыды.
Мынадай секциялар жұмыс істеді:
-       мектепке дейінгі білім және бастауыш сыныптар қызметкерлерінің;
-       орыс және қазақ мектептеріндегі гуманитарлық цикл пәндерінен сабақ беретін мұғалімдердің;
-       орыс және қазақ мектептеріндегі табиғи-математикалық цикл пәндерінен сабақ беретін мұғалімдердің;
-       жалпы білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар, Т және КБ мекемелері қызметкерлерінің, қосымша білім ұйымдары басшыларының.
37 үздік баяндама дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен ынталандырылады.
Алматы қаласында 2013 жылғы 26-28 маусымда өтетін Республикалық оқуларға қатысу үшін 18 баяндама жіберілді.
 

 
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (26.04.2013)
Просмотров: 1084
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz