Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 06.05.2024, 23:23

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін модернизациялау және үш айлық курсты өткізу туралы Пресс релиз
Ел көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында  Қазақстанда білім беру жүйесін модернизациялауды қарастыратын адами капиталдың сапалы өсуіне  ерекше тоқталып өтеді.  Оның ең маңызды құрамдас бөлігі педагогикалық құрамның сапасын арттыру болып табылады. Жолдауда осы мақсатта әр өңірде педагогтердің біліктілігін арттырудың кіріктірілген орталықтары, біліктілікті бекітудің тәуелсіз орталықтары жұмыс істеуі тиіс екендігі атап өтіледі.
Президент  Жолдауында қойылған міндеттерді жүйелі жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №232 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамын құру және жеке кәсіпорындарды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізудің кейбір мәселелері» Қаулысымен қамтамасыз етілді.
Модернизация негізіне «Өрлеу» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру ұлттық орталығын құру алынды. Формат бойынша бұл акционерлік қоғам, оның құрамына республикалық және 14 өңірлік біліктілік арттыру институттары кірді. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты да өткізіліп, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» болып қайта аталды.
Жаңадан құрылған құрылым республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Дәстүрлі 2 апталық білікілікті арттыру курстарымен қатар, Ұлттық орталықта және оның филиалдарында 2012 жылдың сәуір айынан бастап, біліктілікті арттырудың үш айлық курстары үш деңгейде өткізілді:
 - 3 деңгей – «Өрлеу» БАҰО филиалдарында (Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және т.б.).
 - 2 деңгей – «Өрлеу» БАҰО АҚ
 - 1 деңгей – «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ педагогикалық шеберлік орталығы.
2012 жылы Ақмола облысының 402 педагогі үш айлық курстан өтті, оның 391-не мұғалімдердің үш санаты бойынша жалақыны  30 пайызға өсіруге құқық беретін жаңа 3 біліктілік деңгейлерінің сертификаты салтанатты түрде беріледі.
2013 жылы Ақмола облысы бойынша үш айлық курстан (3-деңгей) 569 адам өтеді. Оның ішінде 25 ақпанан  21 мамырға дейін -180 адам, 25 наурыздан – 200 адам, 9 қыркүйектен 3 желтоқсанға дейін 189 адам өтеді. Үш айлық курстың ашылуы 2013 жылдың 25 ақпаны күні сағат 1000-де Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мәжіліс залында  өтеді. Курсты аяқтағаннан кейін педагогтер біліктілік емтихандарын тапсырады және мұғалімдердің үш санаты бойынша жалақыны  30,70 және 100 пайызға өсіруге құқық беретін жаңа 3,2,1 біліктілік деңгейлерінің сертификаты беріледі. Осылайша, мұғалімдердің үш санатына тағы да 3 біліктілік деңгейі қосылады. Нәтижесінде Қазақстан әлемнің көптеген  елдерінде қабылданған  6 біліктілік өрбуден өтеді.
 Қазіргі күні «Өрлеу» БАҰО филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 7 тренер үш айлық курстарды өткізуде.
Институтымыздың 7 оқытушысы 2013 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында Педагогикалық шеберлік орталығында үш айлық курстан өтіп,  үш айлық курста оқыту құқығын беретін сертификаттар алады. 
Үш айлық курстар форматы оқытудың күндізгі және қашықтық тәсілдерін, мектеп базаларындағы практикалық сабақтарды, санат беретін қорытынды біліктілік аттестациясынан міндетті түрде өтуді ұштастыруды қарастырады.  Барлық аттестациялық процедураларын аяқтап, біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сертфикатын алып, курстан табысты өту автоматты түрде  жалақыны арттыруға  және жаңа біліктілік деңгейін белгілеуге әкеледі. 5 жыл ішінде осы тәртіпте Қазақстанның 120000 педагогінің біліктілігін арттыру жоспарлануда.
 
 
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (22.02.2013)
Просмотров: 1690
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz