Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 29.03.2024, 01:32

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Облыстық семинар

Облыстық семинар

 

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ-ның» жұмыс жоспарына сәйкес және бастауыш мектептің ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында 2014 жылдың 4-сәуірі күні Ақмола облыстық білім басқармасымен бірге «Халықаралық және отандық тәжірибе негізінде қазақстандық білім беру жүйесін жаңарту мәнмәтінінде ерте жастан ағылшын тілін оқыту» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға бастауыш мектептің ағылшын тілі мұғалімдері, мұғалім-тәжірибешілер, әдіскерлер қатысты.

Семинар барысында сын тұрғысынан ойлау, ойын технологиялары арқылы бастауыш мектеп оқушыларының коммуникативтік қабілеттерін дамыту, білім беруді жаңарту жүйесінде ерте жастан ағылшын тілін оқыту сұрақтары, сондай-ақ, шетелдік және отандық басылымдардың оқу-әдістемелік кешендері бойынша жұмыстың белсенді әдістері мен тәсілдерін қолданудың өзектіліктері қарастырылды.

Семинарды қорытындылай келе, білім беру жүйесінде көптілділіктің негізінде ерте жастан ағылшын тілін оқыту мәселесін қарастыру өзекті болып табылатындығын ескерген жөн. Мектепте ана тілі мен шет тілдерін оқытуда, атап айтқанда,  жазу және сөйлеу мәдениетін дамыту бөлімінде интегративті тәсілдерге қызығушылық артты. 2013 жылдан бастап Қазақстанның мектептерінде бастауыш сыныптарда ағылшын тілін міндетті түрде оқыту енгізілді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты семинарға қатысушылар мынадай шешімдер қабылдады:

  1. Президенттің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының міндеттерін орындау мақсатында бастауыш мектепте көптілді білім беруді дамыту бойынша жұмысты жетілдіру;
  1. Оқушылардың ынталандыруын арттыру үшін жоба әдісін, ойын технологияларын белсенді қолдану, бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтары мен материалды игеруін дамыту;
  1. Бастауыш сынып оқушыларының дамуына мүмкіншілік беру үшін оқытудың топтық, жұптық және жеке оқыту әдістерін кезекпен қолдану;
  1.  Сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік қабілеттерін дамыту.  
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (07.04.2014)
Просмотров: 923
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz