Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 03.05.2024, 06:56

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Назарбаев зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін тарату бойынша өткізілген іс-шара
Назарбаев зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін тарату бойынша өткізілген іс-шара
Ақмола облысы бойынша Көкшетау қаласындағы «БАҰО Өрлеу» АҚ филиалының, Назарбаев зияткерлік мектебі мен Педагогикалық шеберлік Орталығының бірлескен әрекеттері жоспарына сай 2014-жылдың 18 ақпанында НЗМ тәжірибесімен алмасу бойынша «Lesson Study -педагогтардың кәсіби дамуы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинар Көкшетау қ. НЗ мектебінде өтті. Семинарға  Көкшетау қ № 6 ОМ және Щучинск қ №1 ОМ базалық мектептердің мұғалімдері қатысты.
    НЗМ директоры Нурпеисов С.Е. және директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Заитова Р.М. мектептің қызметі жайлы,  мұғалімдер тәжірибесіне  Lesson Study технологиясын енгізулері туралы айтып өтті.  Семинар қатысушыларына осы технологияны қолдану арқылы оқыту практикасын жақсарту бойынша шығармашылық топтардың тәжірибелік жұмыстары ұсынылды.


Семинардың теориялық бөлімі Lesson Study технологиясына тереңірек үңілумен жалғастырылды.
Базалық мектеп мұғалімдерінің  шығармашылық топтардың сабақты зерттеу жұмыстарын қадағалау ғана емес, сонымен бірге Lesson Studyдің әртүрлі кезеңдеріне тікелей қатысуға мүмкіндіктері болды.

Сабақтарға қатысу барысында педагогтар сабақ барысын қадағалаумен қатар, оқушылардың жұмыстарына, олардың оқу үдерісіне қаншалықты белсенді қатысқандарына баса назар аударып, қолданылған тәсілдер мен амалдар оңтайлы және нәтижелі болды ма, сабақтың білімдік мақсаттарына жетті ме, оқушының әрбіреуі қандай табыстарға жеткендігін бақылап жүрді.
 
Тәжірибелік бөлімде қатысқан сабақтарды талқылау бойынша топтық жұмыстар өткізілді. Әр топ сабақтың жағымды жақтары, тәуекелге мүмкін және түзетушілікті қажет етуші жағдаяттарын көрсететін постерлерді дайындап, аудиторияға ұсынды.
    Семинардың қорытындысында «Мұғалімнің  педагогикалық қызметіндегі рефлексия» тақырыбында  шебер- сынып көрсетілді.
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (20.02.2014)
Просмотров: 2874
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz