Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 03.05.2024, 04:28

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

«Мектепке дейінгі білім берудің вариациялық формаларын жүзеге асырушы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру»
«Мектепке дейінгі білім берудің вариациялық формаларын жүзеге асырушы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру»
    2014 жылдың 04 наурыз күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ  БАИ» базасында «Мектепке дейінгі білім берудің вариативтік формаларын жүзеге асырушы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы Республикалық он- лайын семинары өтті.
Семинардың мақсаты:   мектепке дейінгі білім беру мекмелеріндегі жаңартылған білім беру үрдісі мазмұнындағы мектепке дейінгі білімнің вариативті түрлерінің ықпалын көрсету.
Семинарға қатысушылар: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының профессорлық- оқытушылар құрамы, педагог-практиктер,  әдіскерлер.
Семинар жұмысына барлығы  140 адам қатысты
Семинарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ  БАИ» директоры  Е. Т. Исимбаев   қатысушыларға арналған алғы сөзбен бастады.
Семинар барысында  төмендегімен байланысты мәселелер қарастырылды:
-         мектепке дейінгі білім берудің вариативті түрлерінің міндеттерімен;
-         мектепке дейінгі білімнің білім беру технологияларының беталысы және заманауи жағдайына;
-         баланы алғашқы әлеументтендіру институты ретінде отбасының қатысуын қамтамасыз ету.
     «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының профессорлық- оқытушылар құрамының, педагог-практиктер мен Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары әдіскерлерінің  баяндамаларынан мектепке дейінгі білім берудің вариативті жүмыс түрлерін іске асыратын педагогтардың кәсіби құзырлығына деген талаптар Қазақстан Республикасы  мектепке дейінгі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту жағдайында арта түскенін көрсетті. 
Баяндамалармен  сөз алғандар:
Джакупова Шынар  Сұнғатқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы  «Ақмола облысы бойынша  ПҚ БАИ», МКД ППС   кафедрасының  аға оқытушысы;
 Құлтаева Ләззат Айтмағанбетқызы, «Өрлеу» БАҰО”АҚ  филиалы «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ»,  МДТжББ кафедрасының аға оқытушысы; Берекполова Гульфия Октябревна, «Өрлеу» БАҰО” АҚ  филиалы «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ», БжББС кафедрасының  аға оқытушысы; Хасенова Гульнар Омерзаковна,  «Өрлеу» БАҰО” АҚ  филиалы «Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ”, БОжМДТ  кафедрасының аға оқытушысы; Алипкалиева Гульфия Бекетовна, , «Өрлеу» БАҰО” АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ”, МКД ППС кафедрасының аға оқытуш; Солодовникова Татьяна Николаевна,  Ақмола облысы, Аккөл ауданы № 2 балабақшасының меңгерушісі; Байкенова Сағила Баймырзақызы,  Ақмола облысы Көкшетау қ., №1 «Арман»  мектеп-бақшасы директорының ОӘЖ орынбасары;  Третьяк  Наталья Юрьевна, Ақмола облысы ,Степногорск қ., № 4 «Буратино» балабақшасының әдіскері.
Семинар жұмысы  жемісті және сындарлы пікірталас түрінде өтті.
        Семинарға қатысушылар семинардағы пікір алмасуларды нәтижелі деп санай келе, жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жүйелі және мақсатты бағытталған жұмыс педагогтардың кәсіби құзырлығын үздіксіз дамытуға мүмкіндік береді деген сенім білдірді.
      Семинардың соңында қатысушылармен қорытынды жасалып, ұсынбалар қабылданды. 

  
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (05.03.2014)
Просмотров: 924
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz