Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 17.05.2024, 09:53

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау технологиялары

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2030. Өркендеу, барлық қазақстандықтардың қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» Жолдауында медициналық және медициналық емес сипаттарды құрайтын халықтың денсаулығын қорғау деңгейін жоғарылату қажеттілігін белгілейді: «Біз қоғам құру барысында, біздің азаматтардың денсаулықтары өмір бойы сау болу деңгейін жоғарылатуымыз қажет және оларды табиғи орта қоршауы тиіс»

Балалардың денсаулықтары бүгінгі таңда өте өзекті.Соңғы жылдардағы статистика мәліметтері бойынша  балалар денсаулығы  күрт төмендеп кеткендігі байқалып отыр.
Бұның барлығы  балалар денсаулығын сақтайтын технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне  қолдануын туғызып отыр. Бүгінгі таңда барлық мектепке дейінгі оқу орындарында  денсаулықты сақтайтын технологиялар қолданылады.
Жоғарыда туындалған мәселелерге орай Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ  «Мұғалімнің  кәсіби дамуының педагогикалық- психологиялық   сүйемелдеу»  кафедрасының ұйымдастыруымен 2013 ж.  10 желтоқсанында    «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында денсаулықсақтау үрдісін басқарудағы   бақылау қызметі» атты облыстық вебинар  семинар өткізіледі.
      Семинар келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың  жеке  дамуын кешендік сүйемелдеуді қамтамасыз ету
2. Мектепке дейінгі білім беру парадигмасының өзгеру жағдайында  денсаулық сақтау үрдісін бақылау қызметі
3. Мектепке дейінгі білім берудегі инклюзив және түзету педагогикасы
4. Оқу-тәрбие үрдісіндегі денсаулық сақтау технологиясының ықпалдастығы
         Семинар барысында  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті  білім беру стандартының мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асыруда  балалардың балабақшада қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық қасиетін қалыптастыру мәселелерді қозғалды.
Мұғалімнің  кәсіби дамуының  педагогикалық- психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушылары  Джакупова Ш.С.,   мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста  М.Монтессори  педагогикалық технологияларын енгізу  жүйесі,  Абдраимова А.Б., балабақшада заманауи денсаулықсақтау технологиясын іске асыру жолдары жайлы бөліссе, Жалмұқанова Ж.Ө., мектепке дейінгі  білім беру ұйымдарында  денсаулық сақтау технологиялары туралы мағлұматтар ұсынды.
Ұсынылған  баяндамаларды тыңдап келесі педагогтардың денсаулықсақтау  құзыреттіліктерін атап өтуге болады:
- Ширинская Л.А., Бұланды ауданы,  «Солнышко» балабақшасының меңгерушісі;
- Соколова И.,  Атбасар қаласы  «Родничок»  балабақшасының тәрбиешісі;
- Крестова Л.В., Рева Н.Н., Степногорск қаласының №1«Айгөлек»  тәрбиешілері.
Жарқайың ауданының балабақша педагогтары:
- Дмитриева Э.И .,  «Шаңырақ»  балабақшасының әдіскері  мектеп жасына дейінгі балалардың түзету және емдеу жүйесі,
- Абильжанова А.М.,  «Балдырған» балабақшасының  тәрбиешісі мектепке дейінгі білім берудегі инклюзивті және түзету педагогикасы  бойынша педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Степногорск қаласының № 5 «Колосок» әдіскері Проценко Т.В., тәжірибесін өзекті деп есептеп мұғалімнің  кәсіби дамуының  педагогикалық- психологиялық   сүйемелдеу» кафедрасымен  жинақтау ұйғарылды.
Баланың саулығын сақтау  жөніндегі  денсаулықсақтау технологиялары жас буынның тазалықты сақтап,бойларын күтуіне едәуір себеп болар дейміз.
«Ауырып-ем іздегенше, ауырмайтын- жол іздейік» құрметті әріптестер!
 
 
 
 
 
 
 
    
.
 
 
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (18.12.2013)
Просмотров: 5701
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz