Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 06.07.2025, 05:53

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

«Мұғалім журналының» кезекті нөмірі жарыққа шықты № 3 2013 ж.
       «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Ақмола филиалы «Мұғалім журналының» 2013 жылғы 3 нөмірі жаздырып алушылардың адрестері бойынша жіберілді, оны институттың баспа орталығында (№4 кабинет) сатып алуға болады. «Оқу-тәрбие процессін технологияландыру» айдарымен педагогика ғылымдарын докторы Ж.А.Қараевтың «Сущность технологии трехмерной методической системы обучения» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Ол оқу процесіне осы технологияны енгізіп жүрген педагогтарға қызықты болатындығы сөзсіз.
Ал В.П.Гордеевтың «Формирование учебно-познавательных компетенций учащихся на уроках географии и истории» атты мақаласында «Интенсификация обучения с использованием опорных конспектов с перцепцией света» авторлық технологиясының негізінде жұмыс ашылды. Бұл тақырып тек біздің облыстың педагогтардың ғана емес, республика педагогтарын да қызықтырды. Автор Республикалық педагогикалық оқуларда шебер-сынып сабақтарын беріп, мамандардан жоғары баға алды. «3-ші базалық дәреже курстары: рефлексивті есеп» айдарымен жарияланған 3-ші базалық дәрежедегі үшайлық курстарда сертификаттар алған педагогтардың мақалалары да қызықтырады. Журналды сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын оқып үйрену жөніндегі семинар-кеңес материалдары да берілген.
Журналдың толық мазмұны «Мұғалім журналының» қосымшасындағы институт сайтында орналастырылған akmolorley.uсoz.net.
ü    2013 жылдың 3 -8 қазаны аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері Степногорск қаласы №3 КМЛ, №4 КМЛ, №5 КМЛ және Қарабұлақ ауылының ОМ-нің үшінші негізгі деңгей бойынша сертификатталған педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетті.
Тренерлер Уәлиев С.С., Омарова С.Ж., Жамантаева Ж.К.  жоғарыда аталған білім ұйымдарында 15 сабаққа қатысып, №3 КМЛ базасында мұғалімдердің құзыреттілігін дамыту міндеттеріне сәйкес олардың тәжірибесіне сүйене отырып, шеберлік-сыныбын ұйымдастырды. 
Мұғалімдер Бағдарламаның түйінді идеяларын енгізуді практикада көрсетті.
Лихачева  Т., Арыстанбекова Б. (№4 КМЛ) ,  Ахметова А.Г., Егорова Д. (№3 КСМЛ), Кенжетаева  З. (№5 КМЛ), Жусипова Г.(№6 МГ), Қабжанова Қ., Жахина  Г.  (Қарабұлақ ауылы сияқты мұғалімдердің) сабақтары:
  • Оқылатын тақырыптың идеяларына сәйкес балалардың ойлауын дамытуға;
  • Оқытудың тиімді үдерісін жоспарлауға, тақырыптың түйінді идеяларын өз практикасында практикалық жүзеге асыруға;
  • Өзіндік оқыту үдерісін рефлексиялауға ықпал етті.
Оқу сабақтары топтық, жұптық, жеке-дара жұмыс түрінде өтті. Оларға сыни ойлау стратегиялары, формативті бағалаудың әдістері, әңгіменің алуан түрі кірді. Оқудың ынтымақтастық ортасын құру және сыныпта жайлы психологиялық ахуал орнату мақсатында аудио және видео ресурстарды пайдалана отырып, тренингтер өткізілді. 
Шеберлік-сыныптарына Степногорск қаласының 55 педагогі қатысты.
Шеберлік сыныбы онлай-платформалар ресурстарын, сонымен қатар мұғалімнің жеке практикасына негізделген материалдарды пайдалана отырып, мұғалімнің кәсіби практикасын және практикалық сабақтарын жетілдіру үшін Lesson Study  енгізу бойынша интерактивті шағын дәрістер кешенінен тұрды. Интерактивті дәріске оқытудың ақпараттық технологияларын пайдалана отырып, зерттеушілік сипатта болған диалогтік оқыту кірді.  Мұғалімдердің сұраныстары мен қажеттіліктерін, педагогтің табыстылығын зерттеу бойынша сауалнама және Бағдарлама модульдерін енгізу бойынша педагог сауалнамасы жүргізілді.
   2013 жылғы 7-18 қазан аралығында институт базасында директорлардың оқу-тәрбие жұмысы және ғылыми-әдістемелік жұмысы орынбасарларының, колледждердің арнайы пәндер оқытушыларының, бастауыш сынып мұғалімдерінің, мектептер мен колледждердің бастауыш әскери дайындық оқытушыларының екіапталық, сондай-ақ дін істері мұғалімдерінің апталық курстары өтеді.
    Ал 7 қазаннан арнайы  пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін Атбасар және Есіл қалаларындағы №№1 орта мектептердің, Жақсы ауданындағы №1 орта мектептің, Красный Яр селосындағы №3 агротехникалық колледж базасында электрондық оқыту жөніндегі көшпелі курстар өтуде.
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (10.10.2013)
Просмотров: 1404
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz