Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 02.05.2024, 19:03

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 25-жылдығына арналады...
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 25-жылдығына арналады...
1989 жылдың 15-ақпанында кеңес әскерлерін Ауған жерінен шығару аяқталды. Бұл ұмытылмас күн осы оқиға мен Ауған соғысынан қайтып оралмаған 14 мыңнан астам кеңес үкіметі офицерлері мен жауынгерлерін еске алу күні деп бекітілді.  
Көптеген тарихшылар мен сарапшылар Ауған жеріндегі болған соғысты Ұлы Отан соғысынан кейінгі ең қатыгез, әрі қантөгіс майдан деп атады.
Осыдан 25 жыл бұрын Кеңес Үкіметінің генералы Борис Громовтың бұйрығымен біздің әскерлеріміз Ауғаныстан аумағынан шығарылды. Жауынгерлер үйіне оралды. Осылайша он жылға ұласқан соғыс аяқталды.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмолалық филиалында кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуына арналған салтанатты іс-шара өтті, онда осы соғысқа қатысқан, институттың жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Утебаев Жақсылық Құланұлын құттықтады.  Жақсылық Құланұлы 1985-1987 жылдары Ауғанстанның Құндыз провинциясында жедел әскери қызметтен өтті, ол Кеңес Үкіметінің 40-армиясының 149-ші мотоатқыштар полкінің 2-ші батальонның 4-ші таулы аймақтарда соғысатын ротада снайпер болды.
Сонымен қатар, сол кездегі КСРО-ның Бас хатшысы М.Горбачевтің Грамотасымен, полк командирінің алғыс хатымен, Ауған халқының Алғыс медалімен, революцияның 70-жылдық Медалі, Ауған соғысының біткеніне арналған 15, 20-жылдығына арналған медальдарымен марапатталған.
Оның қызмет туралы тізіміне тағы да бір марапат қосылды- Ауған соғысы ардагерлерінің жиынында оған «Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл» медалі табыс етілді. Филиал ұжымы соғыс батырларына олардың Отан алдында қызмет көрсету кезіндегі батырлықтары мен қайсарлықтары үшін мақтан тұтатындарын айтып, ризашылықтарын білдірді. 
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (17.02.2014)
Просмотров: 1146
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz