Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 09.07.2025, 18:05

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Инновациялық тәжірибе және кәсіби дамудағы жаңа бағыттар

Инновациялық  тәжірибе  және  кәсіби дамудағы  жаңа бағыттар

29.03.2014 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» Көкшетау қ. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АБҰ-ы Педагогикалық шеберлік орталығымен бірге құрылыс-техникалық колледж  базасында «Заманауи мұғалім: кәсіби қызметі өзгеруінің бағыттары» атты облыстық семинар-практикум өткізілді. 

«Заманауи мұғалім: кәсіби қызметі өзгеруінің бағыттары» атты жыл сайынғы семинар-практикумға 195-  мұғалім қатысты.

Семинардың мақсаты -  отандық орта білім беру жүйесін дамытудың сапалы жаңа әдіснама жағдайында тәжірибе алмасу – нәтижеге және келесі сұрақтарға пікір білдірудің бағдарын есепке ала отырып білім беру технологияларын, мазмұнын жаңарту:

- орта білім беру мазмұнын әрі қарай жетілдіру бағытындағы мәселелерді шешу;

- мұғалімнің үздіксіз кәсіби даму саласындағы өзгерістер;

- мектептегі бағалау жүйесін жетілдіру;

-оқыту үдерісін жетілдіру мақсатында өзінің практикалық қызметін зерттеу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу және басымдылықтарды анықтау.

Пленарлық отырысқа және  төрт секция жұмыстарына, педагогикалық идеялар панорамасына, диалогтық алаңшаларға біліктілікті арттыру жүйесінің қызметкерлері, Көкшетау қ. ПШО-ның, Ақмола облысының білім басқармасының  өкілдері, Қазақстан Республикасының  педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың  1,2,3, деңгейлік  Бағдарламасы бойынша курстардан өтіп,  сертификатталған тренерлер мен мұғалімдер қатысты.     

Пленарлық отырыста құттықтау сөзімен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры   Е.Т. Исимбаев сөз сөйледі. Өзінің құттықтау сөзінде корпоративтік басқарудың жаңа базасына, әдіснамасына, әлемдік тәжірибені трансляциялауға негізделген педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жаңа форматы туралы баяндап өтті.  Облыстық білім басқармасының басшысы Б.С. Избасарова және Көкшетау қаласындағы   ПШО директоры  Б.К. Рахымжанова    семинарға қатысушыларды   құттықтап, алдағы   жұмыстарына  сәттілік тіледі.  

Семинар барысында 4 секция (қазақ және орыс тілдерінде), педагогикалық идеялар панорамасы, диалогтық алаңшалар жұмыс жасады.  

№1 «Коучинг және менторинг – біліктілікті арттыру негізі» секциясында педагогтар коучингтік тәсілді білім беру ортасына енгізудің жолдарын қарастырды. Ол оқыту үдерісін барынша жекешелендіруге және коучингті мұғалімнің әдістемелік және кәсіби құзыреттілігін дамытудың ықпалды механизмі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретінін  педагогтар  өз   тәжірибелерінде   дәлелдей  білді.  

 № 2 «Зерттеу қызметі арқылы мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру» секциясында зерттеушілік қабілетті, педагогтардың кәсіби қалыптасуына кепілдік беретін мәселелерді шешуге ғылыми тұрғыдан қарау қабілетін  жетілдіру мен  дамытуды  жалғастыруға шешім қабылданды. № 3 «Мұғалім практикасындағы рефлексия» секциясының мұғалімдері педагогикалық рефлексияны дамыту бойынша – педагогтың кәсіби  жетілуінде    теориялық және практикалық материалды жетілдіру қажет деген  пікірге  келді. 

  •  

   Семинар- практикум  жұмысы  қорытындыланып, секция  жұмысына белсенді қатысқан тыңдаушыларға    сертификаттар  табыс етілді.

Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (01.04.2014)
Просмотров: 1502
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz