Главная | Регистрация | Вход | RSSЧетверг, 26.04.2018, 14:38

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Информация о деятельности Акмолинского филиала АО «НЦПК «Өрлеу» на 24 октября 2013 г.
 Астана қаласында 2013 жылғы 13-15 қарашада өтетін «2013 – білім жүйесіндегі жоғары сапа және көшбасшылық» Халықаралық конференциясына қатысу үшін мақалалар әзірлеп, жөнелту.
 
Өрлеу» филиалы «Ақмола облысы бойынша БҚБА ҚД» институты 2013 жылғы 21-23 қазан аралығында облысымыздың Аршалы, Целиноград аудандарынан 3 (базалық) деңгейлі біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сертификат алған мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында институт тренерлері, Б.С.Суюндыкова, Б.С.Дигенова  сабақтарға қатысты. Аршалы    ауданы бойынша Шахатова Б.А, Жунусова А.Қ, Сеитказиев Е.Н.,Саржанова Ә.М., Черепанова Н.В., Омарбаев Д.М., Ильина Е.П., Шайхина Г., Целиноград ауданы бойынша Сыздыкова А.Н., Касенбаева Г., Гүльнар Каситқызы, Бимуханова С.Т.,Чмутова Г.В. және Чугуева Е.В. мұғалімдердің сабағына қатысып қажетті әдістемелік  көмек көрсетілді.3 деңгейлі курстан сертифика алған мұғалімдері сабақ барысында топтық жүмыстар арқылы оқушылардың дамуына, табысқа жетуіне бағытталған тапсырмалар арқылы оқушының тұлғалық дамуына бағытталған түрлі сабақтар көрсетті.
Сабақтарына қатысып, бағыттарын көргеннен кейін, аудандағы барлық 3 деңгейлі курстан өткен мұғалімдермен «Lesson study/сабақты зерттеу» тақырыбында шебер кластары ұйымдастырылды. Аршалы ауданы бойынша 31 педагог, Целиноград ауданынан 38 педагог қатысты.  Аршалы ауданынан білім бөлімінің  әдіскері Марал Жұмашқызы және Целиноград ауданының әдіскері Айнұр Далабайқызы    мұғалімдердің сапалы сабақ жүргізуінің жүйелі барысы мен оқушы білімінің табысты болуына ерекше мән беріп қадағалауда, әдістемелік көмек көрсетуде. Целиноград ауданы бойынша 3 деңгейлі курсты аяқтаған мұғалімдердің бірлестік тобы ұйымдастырылғаны бізді қуантты. Мақсаты: әріптестерімен бірлескен әдістемелік проблемаларды анықтау,зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру болды.
   Оқыту барысында оқушылар сабақта жұмыс тәртібін сақтай отырып, материал көлемін өздері меңгеруге бағытталған, өзара бақылау тәсілдерін пайдаланады, жұмыстарды бірлесе жасайды, өзін-өзі бақылау, өзара бақылау, бағалау тәсілдерін пайдалана білді. Сабақтарда оқушылардың шығармашылық қабілеті мен ойлау белсенділігін  дамытатын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын ынталандыру әдістерін  түрлі тірек сигналдар арқылы (таблицалар, сызбалар, суреттер, т.б.)  жүзеге асты. Педагогтардың сабақтарында:
·     Өз білген  білімдеріне сүйене отырып жаңа ақпараттарды меңгеру қабілеттерін қалыптастыру;
·     Оқып отырған материалға деген қызығушылығын көтеру;
·     Мұғалімдердің оқу сабақтары өзіндік топтық жұмыстар арқылы, жеке, жаппай топтық жұмыс формаларымен үйлесін тауып отырды;
«Lesson study/сабақты зерттеу» тақырыбында шебер кластарына екі ауданның 73 сертификатталған мұғалімдері қатысты.
Lesson Study әдісін ендіру бойынша Аршалы ауданының № 2 ОМ, Целиноград ауданы бойынша № 5 Ақмол ОМ мұғалімдері, әдіскерлері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Lesson Study әдісін ендіру бойынша өткен шебер класс интербелсенді  шағын-лекция түрінде жүргізілді. Интербелсенді дәріс  диалогтік оқыту негізінде және ақпараттық оқыту технологиясы пайдалану мен зерттеуді көздейді. Сонымен қатар модульдерді жүзеге асыру мақсатында сауалнама өткізілді.
 
 Ағымдағы  жылдың 21 -23 қазаны  аралығында БАҰО  «Өрлеу» Ақмола  облысының  деңгейлік бағдарламалар  орталығының  тренерлері үшінші  (негізгі) деңгейлік  курсты бітіріп,сертификатталған  педагогтарға  әдістемелік көмек көрсету мақсатымен   Бұланды және  Еңбекшілдер аудандарының мектептерінде  іссапарда  болды.
       Тренерлер Исабекова А.К., Жуманбаева  А.О.  Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласының № 1, № 2 және ауылдық «Сауле»,«Құдықағаш» орта мектептерінде  болып, 8 мұғалімнің  (бастауыш сынып, информатика, технология, биология,  қазақ сыныптарындағы орыс  тілі)  сабақтарына  қатысты.  Степняк қаласының № 1 ОМ мұғалімі Э. Б. Кабдулина, №2 ОМ бастауыш  сынып мұғалімі Д. Амангельдинова, Құдықағаш ОМ мұғалімдері Т.М. Салықбек, Г.К. Абеева, Р.К Шарипова,    А.У. Хамзина   және  Сәуле ОМ  мұғалімдері  С.Б.Сүлейменов, М. Хайдарова сынды  мұғалімдер  өз сабақтарын оқушының   өзіндік идеясын, білім-біліктілігін дамытуға  ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастырды.        
 Бұланды  ауданы Макинск №1, № 2 ОМ  және Қараөзек орта мектебінде    бастауыш және орта  буын сыныптарында әдебиеттік оқу,тарих, қазақ тілі,химия, математика, физика, география, биология, дене шынықтыру пәндері  бойынша  мұғалімдердің   сабақтарына қатысып, әдістемелік көмектер  көрсетілді.
     Қараөзек ОМ мұғалімі А.К. Шокабаева және  № 2МГ мұғалімдері  Т.К. Нұрмұханова,М. Аймихан, М.В.Данилова, Н.А.Кикаринов, А.Социалқызы өз  сабақтарында  жаңа әдіс -тәсілдері талаптарға сай  қолданды.
 Осы   ауданның    мұғалімдері  Теңсел Назгүл мен Бердігүл  және А. Мағзұм оқушыны көп ойланып,  проблеманы бір- бірімен  талқылап,  түйінді шешім  қабылдауға әрекеттендірді. Сабақтар   тақырып бойынша оқушылардың  білімдерін жоғары деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай пікірі мен  өз көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылған. Бағдарламаның негізгі  идеяларын  тәжірибе жүзінде іске  асыра  білді.  Көрсетліген  барлық  сабақтарда қарым - қатынас ортасын құру, сыныпта жағымды  психологиялық  климат  қалыптастыру мақсатымен  аудио және видеоресурстар пайдалана отырып  тренингтер өткізілді.
 
    Сабақтардан  соң мұғалімдердің  кәсіби  тәжірибесіне Lesson Study  тәсілін ендіру бойынша интерактивті  семинар сабақ ұйымдастырылды. 
 Семинарға  Бұланды ауданынан  39 мұғалім,  Еңбекшілдер ауданы бойынша  41 мұғалім  қатысты. Семинар мұғалімдердің өзара  пікір алмасуына  себеп  болатындай диалогтық түрде жүргізілді. Семинар барысында жаңаша  оқытудың  әдіс -тәсілдерін  тәжірибеде  қолдануда кездесетін  қиындықтар айтылып,   оны шешу  жолдары қарастырылып,  ұсыныстар  жасалды. Семинар  соңында мұғалімдердің бағдарлама модульдерін ендіруі, мұғалімнің  қажеттілігі мен сұранысы  және жеткен жетістіктері бойынша сауалнама жүргізілді.
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (28.10.2013)
Просмотров: 589
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2018
Сделать бесплатный сайт с uCoz