Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 17.05.2024, 07:09

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Информация о деятельности Акмолинского филиала АО НЦПК «Өрлеу» на 21 ноября 2013 года
«Өрлеу» БАҰО акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру  мен  мұғалімдердің потенциалын дамыту мақсатында  2013 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Оқу үдерісін технологияландыру- сапалы білім беру шарты» тақырыбында педагогикалық марафон өткізді.
Марафонның негізгі бағыты:
  • Педагогтың  кәсібін өзіндік жүзеге асыруына мүмкіндік беру;
  • Мұғалім мамандығының  абыройын көтермелеуге жүзеге асыру;
  • Оқыту пәнінің негізімен білім берудегі сапасын жақсартуда жүзеге асыру;
  • Тәжірибемен алмасуға шарттар құру, оқыту үрдісі  қатысушыларының арасында  іскер байланыстар және әрекеттердің қағидаларын орнату;
  • Шығармашылық  қызмет атқаратын педагогтың өтілін жинақтау және тарату;
Педагогикалық марафонға Ақмола облысының 111 педагогы қатысты, олардың ішінде мектеп директорлары және мектеп директорларының ОТЖ жөніндегі орынбасарлары мен қатар Ж.А.Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясымен жұмыс істейтін пән мұғалімдері қатысты.
Педагогикалық марафонды өткізу барысында келесі іс-шаралар жоспарланып өткізілді:
ü  «Оқу үдерісін технологияландырудың нәтижесі жаңа білім берудің сапасын арттыру» педагогикалық мінбер.
ü  «Технологияландыру: мәселелері мен болашағы» жинақтама пікірталасы.
ü  «Мұғалім-экспериментатордың шығармашылық шеберханасы» жәрмеңке –көрме.
Педагогикалық  мінбер мен шебер- сынып бойынша 20 мұғалім дипломмен марапатталса, жинақтама пікірталасында 14 қатысушы және көрме-жәрмеңкеге қатысқан 16 мұғалім грамотамен марапатталды.
Барлық педагогикалық марафонға қатысушылар сертификат алды.
«Өрлеу» БАҰО акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында»  педагогикалық  марафонның ең үздік ақпараттарының альманахы шығарылады.
Марафонға қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Бұл бастаманың өз шығармашылықтарына тигізер пайдасы мол екенін және алдағы уақытта да іс-тәжірибе алмасып отыратындықтарын жеткізді.
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (21.11.2013)
Просмотров: 577
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz