Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 06.07.2025, 00:11

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Информация о деятельности Акмолинского филиала АО НЦПК «Өрлеу» на 18 сентября 2013 года
1.       Осы жылдың 16 қыркүйегінен «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» базасында е-learning бойынша курстар жұмыс істей бастады. Олар педагогтарға жас ұрпақтың өмірлік позициясын қалыптастыруға, желілік шығармашылық бірлестік арқылы әлемдік білім кеңістігіне кіруге, цифрлық форматта кәсіби қызмет тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік береді. Орыс және қазақ тілдерінде педагогтардың екі тобы құрылды. Сабақтарды аймақтық тренерлер БАИ оқытушылары Р.А.Мұқанова, А.Б.Омарова, Д.М.Сейпиев, С.А.Шокимовалар жүргізеді.
2.       «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  2013 жылғы 19 қыркүйекте институт базасында Республикалық «Жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңін өткізеді.
Конкурстың қатысушылары –  мектепке дейінгі жалпы орта білімге жетекшілік жасайтын аудандық (қалалық) әдістеме кабинеттерінің, техникалық және кәсіптік білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері болып табылады.
Конкурс – әдіскерлердің мәртебесін және кәсіпкерлігін, олардың қызметінің тиімділігін арттыруға жағдайлар жасауға, білім беру жүйесіндегі әдіскердің позитивтік әлеуметтік және кәсіби мәртебесін қалыптастыруға бағытталған.
 
Конкурстың негізгі міндеттері:
  озық әдістемелік тәжірибені анықтау және тарату;
  шығармашылықпен жұмыс істейтін әдіскерлерді анықтау;
  педагогикалық кадрлардың кәсіптілігін құру және дамытуда әдістемелік жұмыс жүйесін сақтау;
  әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда инновациялық  әдістерді ынталандыру және мадақтау.
Конкурстың облыстық кезеңінің алдында аудандық туры болып өтті. Жеңімпаздар конкурстың облыстық турына қатысуға жіберілді. Өз кезегінде облыстық конкурстың жеңімпаздары 2013 жылдың қазан айында Алматы қаласында өтетін «Жыл әдіскері» конкурсының Республикалық турына қатысады.
Конкурстың регламенті -   қатысушылардың визиткаларының презентациясын таныстыру, мастер-класс үзінділерін, әдістемелік жұмыс тәжірибелерін көрсетуді көздейді. Аталған конкурстың ерекшелігі – әдіскер жұмысының бейініне сәйкес тапсырмаларды саралау болып табылады. Конкурс қатысушыларына  әдіскердің  сәйкесінше кәсіби құзыретінің болуын көздейтін өзіндік жұмыс ұсынылады.
Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздарды марапаттау болады.
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (19.09.2013)
Просмотров: 549
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz