Главная | Регистрация | Вход | RSSСреда, 02.07.2025, 04:42

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Информация о деятельности Акмолинского филиала АО НЦПК «Өрлеу» на 17 октября 2013 года
      Деңгейлік бағдарламалар бойынша оқытудан өткен мұғалімдерге   курстан кейін  әдістемелік қолдау көрсету үшін «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» тренерлері С.Ж. Омарова және Ж.К.Жамантаева Бурабай ауданына барып қайтты. Щучинск қаласындағы келесі мектептерге барды: № 1 М/Г, № 3 ОМ, «Мирас» мектебін, С.Сейфуллин атындағы ОМ. О.Г.Боженок., Г.М.Рыспекова., А.Н. Рамазанова.,  Г.М.Уалиева., Д.Ш.Токмулдина., А.С.Беккожина, М.К.Болатова., Ж.У.Аманбаева., З.К.Шаймерденова.,  сияқты мұғалімдердің сабақтарына қатысты. Аталған мұғалімдердің сабақтарында Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының жеті модулін тәжірибе жүзінде іске асыру байқалады. Алынған кәсіби білім, білік және дағдыларды тереңдету және жетілдіру жұмысы ерекше көрінеді.  Мұғалімдер сабақтарында белсенді оқыту стратегиясын кеңінен қолданады,  себебі, ол –коммуникативті дағдылар, оқу-ақпараттық және оқу-практикалық және ұйымдастыру дағдыларын мұғалімдер және оқушылардың бойында дамыту үдерісін белсендетуге ықпал етеді. Жеті модульді сабақтарына енгізгенде мұғалімдерде өздігінен ойлау дағдысы дамиды, ол оқушылардың білімдері, құзыретін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сәйкес алынған білімдерді жүйелеу, сабақтарды ұйымдастыру дағдысы, командада жұмыс жасау (монополиялық көз қарастарды жою), құрастырмалы диалогтар жүргізу,  алынған білімдерді оқытуда және оқуда қолдану, пікір жасау деректері мен дағдыларын үйренуге ықпал етеді.
Деңгейлік  бағдарламалар бойынша оқытудан өткен мұғалімдерде туындаған жаңа қажеттіліктерін және  қиыншылықтарын жеңу жүйесін әзірлеу мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» тренері С.С.Уалиев сауалнамалар дайындады. Түскі астан кейін тренерлер және Деңгейлік бағдарламалар бойынша оқытудан өткен мұғалімдер арасында  ашық диалог өтті, онда мектеп мәдениетінің маңыздылығы, Lesson study тәсілінің тиімділігі туралы сөз қозғалды. Щучинск қаласындағы № 1 М/Г-да бұл мәселеге ерекше назар аударылады, себебі мектеп директоры - Л.В.Тюкачева.,  бұл мәселеге белсенді араласады. Мұғалімдер  өздерінің туындаған қиыншылықтарын шешуде өздерінің тренерлерінен қолдау алатындығы туралы алғыстарын білдірді. Желілік кәсіптік қауымдастықтардың қызметіне қолдау жасау үшін біздің Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ-ның деңгейлік бағдарламалар  сайтын таныстыру өтті.
      2013 жылдың     8-11 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО  АҚ Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру  институты, деңгейлі бағдарламалар орталығының тренерлері Абдрахманова Р.Т., Аембаева А.Е.  Шортанды ауданының  №3 ОМ, Дамса ОМ, Бозайғыр ОМ  сонымен қатар Ақкөл ауданының Еңбек ОМ, Ақкөл кентіндегі №2 ОМ үшінші  (базалық) деңгейлі сертификатталған педагогтеріне әдістемелік  көмек көрсетті.
Тренерлер Абдрахманова Р.Т., Аембаева А.Е. Шортанды ауданы бойынша 11 сабаққа, Ақкөл ауданы бойынша 6 сабаққа қатысып,  Шортанды №3 ОМ , Ақкөл №2 ОМ мектептерінде шеберлік сыныптарын өткізді.
Бейсенбаева М.С., Айят Цэрма, Өнерхан Айнур, Рашатхан Айнагуль
(№ 2 ОМ  Шортанды кенті), Воронкова Т.И., Ильясова З.Т. (Дамса ОМ), Беседина К.В., Ардагер Хайрат, Рахимова Д.М. (Бозайғыр ОМ), Актанова С. А. (Енбек ОМ, Ақкөл ауданы), Попова С.Н., Островская Е.М. (Аккөл  №2 ОМ) мұғалімдерінің сабақтарына қатыстық. Сабақтардан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жеті модулдің түйінді идеяларын қолданулары арқылы сабақтың жандандыруын көру жағымды әсер қалдырды.
Мұғалімдер белсенді оқыту формаларын қолданғандықтан әр сабақта оқушылар тапсырмаларды жеке, жұппен және топ болып қызығушылықпен  орындады.
Мұғалімдердің қолданған тапсырмаларынан жас ерекшеліктерін ескеретіні көрініп тұрды. Аудио және видео ресурстарды қолдана отырып, жағымды психологиялық климат құрып, оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра білді.
Мұғалімдер сыни тұрғысынан ойлау  модулін енгізу барысында «Мозайкалық тапсырма», «Джиксо-1,2» ауызша және жазбаша жаттығуларды тиімді қолдана білді. Мұғалімдердің көпшілігі формативті бағалауды жақсы игерген, мысалы «Бағдаршам», «Екі жұлдыз бір тілек», «Фишка» сұрақтар бойынша ауызша және жазбаша комментарийлер.
Бозайғыр ОМ директоры Жуманов Мәлік Аскарович  және №3 Шортанды ОМ директоры Кизаева Төкен Дамековна  мұғалімдерін қолдап қызығушылық танытуын ерекше атап кетуге болады, бұл жерде мұғалімдерінің әрбіреулері үшін жанашырлық танытып, сабақтарына қатысып қолдау танытумен ерекшеленді.
Мектеп педагогтары тренерлер жағынан қолдау болып, олардың мүмкіншіліктерінің ашылуына көмектесулеріне, өзара желілік қауымдастық арқылы пікір алмасуларына жағдай жасағандарына ризалықтарын білдірді.
Ары қарай жұмысты жақсарту мақсатында тренерлер тарапынан сауалнама өткізілді.
Барлық өткізілген сабақтардан кейін мұғалімдермен  әңгімелесу мүмкіншілігі туды. Шеберлік сыныптарда  Шортанды ауданы бойынша 24, Ақкөл   ауданы бойынша 13 мұғалім қатысты. Мектеп мұғалімдері Lesson study
тәсілін тиімді талдауда белсенді қатыстып, Lesson study –дің бірлесе жұмыс жасауы, сабақты ұтымды жоспарлауы ерекше қызықтырды.
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (18.10.2013)
Просмотров: 668
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz