Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 19.05.2024, 08:46

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

ІІІ Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесін өткізілді.
            «Өрлеу» БАҰО» филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, педагогтердің шығармашылық  бастамалары мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2013 жылдың 18 мамырында ІІІ Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесін өткізілді. Жәрмеңкеге мыңнан артық педагогтар қатысты.
            Жәрмеңкенің негізгі мақсаты:
-   білім беретін мекемелердің инновациялық жұмысына қатысу үшін колледждердің  оқытушылары, мектеп, МДБ, БШҮ басшылары, педагогтері мен тәрбиешілерін белсендендіру;
-  білім беру мекемелерінің педагогтері мен басшыларын ұсынылған зияткерлік өнім сапасын арттыруға  ынталандыру; 
-  инновациялық білім беру тәжірибесін тарату.
Жәрмеңкені «Өрлеу» БАҰО Алматы облысы бойынша АҚ филиалының директоры, х.ғ.к. К.А.Дюсембаев ашты
Жәрмеңкенің құрметті қонақтары:  «Нұр Отан» ХДП Көкшетау қалалық филиалының бірінші орынбасары  Бауржан Сейітқалиұлы Гайса, Дмитриенко Елена Александровна, «Жұлдыз» ҚР балалар қоғамдық ұйымының бірлестігінің Президенті, п.ғ.к., балалар қозғалысы баспасы Ассоциациясының мүшесі, Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы, «Келешек-2030» дамыту баспасының директоры, Пуговкин Александр Викторович, Ресей федерациясының Самара облысы бойынша Отрадный Білім Министрлігі басқармасының білім жүйесін дамыту бөлімінің бас маманы, Жанбаев  Берік Амантайұлы, Ақмола облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары.
Әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесінде келесі бағыттар бойынша презентациялар өткізілді және әдістемелік, педагогикалық авторлық материалдарды сатылды: жалпы білім беру және тәрбие, салауатты өмір салты және қауіпсіздік, білім беруді басқарудағы әлеуметтік серіктестікті дамыту, толерантты мәдениетті, кітапхана-мәдени, ақпараттық және демалыс орталығын  қалыптастыру.
ІІІ Халықаралық Жәрмеңке барысында «Алтын сертификаттарға» ие болған үздік жобалар тапсырылды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы және жақын шетелдің жетекші мұғалімдері мен әдіскерлерінің  хас шеберліктері көрсетілетін презентациялық алаңшаларда ең үздік жобалар көрсетіліп, бағаланды.
          Жәрмеңкенің екінші айналымына 836 жоба жіберілді, олардың ішінде Ақмола облысының барлық аудандары, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан  облыстары, Астана қаласы, Ресей федерациясының  Кемерово, Самара, Омск облыстары. Ең көп жұмыс ұсынған Көкшетау  (202), Степногорск (69) қалалары, Бұланды (62), Шортанды (57), Бурабай (48), Атбасар (44), Есіл (38), Жақсы (38), ТжКБ (67) аудандарының мұғалімдері.
Көптеген мұғалімдері Жәрмеңкенің Мадақтау қағаздарымен марапатталды. Қазылар алқасының шешімі бойынша Жәрмеңкедегі белсенділігі үшін Көкшетау қаласының білім бөлімі Мақтау Қағазымен марапатталды.
Халықаралық қазылар алқасының шешімімен, үздік жоба ұсынған мұғалімдер 13 алтын, 20 күміс, 30 қола сертификаттармен марапатталды.
Демеушілер: «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы, «Келешек -2030» және басқа да баспалары.
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (21.05.2013)
Просмотров: 1400
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz