Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 26.04.2024, 05:49

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

«Диалогтық оқыту» тақырыбындағы практикалық сабақ

«Диалогтық оқыту» тақырыбындағы практикалық сабақ

         2014 жылдың 19 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ-ында» ашық байқау бағдарламасы бойынша Институттың профессорлық-оқытушылық құрамына арналып ашық сабақ өткізілді.

         Сабақты филиалдың қызметкері, деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарының тренері Аембаева Аяжан Ешимбаевна өткізді. Сабаққа қатысушылар Ақмола облысының педагогтары – біліктілікті арттыру курстарының деңгейлік бағдарламаларының 3-ші деңгейі «face to face» 1-ші кезеңінің тыңдаушылары. Оларға: «Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: әңгімелесу және диалогтік оқыту» өзекті тақырыбы ұсынылды

         Сабақ барысында мынадай  сұрақтар қарастырылды: диалог негізінде оқыту, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру және дамыту, оқушының тұлғалық жетілуінің басымдылығын қалыптастыруда мұғалімнің рөлі, оқушының оқу, жетістікке жету, сынып өміріне белсене қатысу қабілетін дамыту.

         Тәжірибелі тренер ретінде, Аяжан Ешимбаевна, тыңдаушылардың ынталандыруы мен қызығушылықтарын арттыратын топ жұмысының түрлі шығармашылық әдістері мен тәсілдерін қолданды. Сабақ барысында тренер мәселелік жағдаяттар, жетістік жағдаяттарын пайдаланды, сонымен қатар, тыңдаушылардың белсенділігі жоғары болды, тренер аудиториямен тығыз байланыс орната алды.       

         Өте белсенді, тілектестік ортада мұғалімдер диалогтық оқытудың тәсілдерін талқылаумен, білім беру үдерісінде оларды қолданудың тиімділігімен, оқытудағы мәселелік жағдаяттарды қарастырумен байланысты түрлі тапсырмаларды орындады. 

         Жалпы сабақ жоғары деңгейде өтті, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Бұл жерде тренер А.Е.Аембаеваның кәсіби құзыреттілігі мен шеберлігінің жоғары деңгейін, аудиториямен жұмыс істеуін, оның тыңдаушыларға деген тілектестік қарым-қатынасы мен әдебін, өздігінен жұмыс жасауға дұрыс бағдар бере алу қабілетін атап өту маңызды.

 

 

Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (26.03.2014)
Просмотров: 2400
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz