Главная | Регистрация | Вход | RSSСуббота, 25.11.2017, 10:46

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

«Дөңгелек үстел»
   2013 жылдың 30 қазанында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола облысы бойынша филиалында тренерлердің деңгейлік біліктілікті арттыру курстарының мұғалім-түлектерінің жұмысын қадағалай отырып, әдістемелік көмек көрсету мақсатында  Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептеріне әдістемелік  шығулар нәтижелеріне  арналған «Дөңгелек үстел» өтті.  «Дөңгелек үстел» жұмысына Ақмола облысының білім басқармасы, Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы өкілдері, Көкшетау қалалық білім бөлімінің әдіскері қатысты.
 
8-24 қазан аралығында «Өрлеу» тренерлері облыстың он ауданын (Еңбекшілдер, Бұланды, Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Целиноград, Аршалы, Шортанды, Ақкөл, Бурабай), сонымен қатар Көкшетау және Степногорск қалаларының мектептеріне барды. Әдістемелік көмек аясында сертификатталған мұғалімдердің сабақтарына қатысып, проблемалық мәселелер бойынша кеңестер жүргізілді, деңгейлік курстар түлектерімен семинар-кеңестер ұйымдастырылды, оған аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілері, әдіскерлер, білім ұйымдарының басшылары шақырылды.
 
Аталған кезеңде облыс мектептерінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола филиалында оқыған 772 үшінші деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдер жұмыс істейді.  Курстарда оқу олардың табысты оқытушы болуына мүмкіндік бергені сөзсіз. Дегенмен де мұғалімнің курсты аяқтағаннан кейінгі жұмысының тиімділігі көбіне әріптестерінен қолдау табуына, мектеп әкімшілігінің қабылдауына  байланысты болады. Өкінішке орай, білім ұйымдары басшылары, білім бөлімі әдіскерлерінің барлығы мұғалімдерді қолдайды деп айта алмаймыз. Барлық мектептерде жағдай жасалмайды. Мұғалімдерде өз жұмысын үнемі жетілдіріп, дамытып отыру үшін барлық қажетті мүмкіндіктер мен уәж бола бермейді.
Жалпы алғанда, тренерлер педагогтердің алған кәсіби білімдері, білігі мен дағдыларын әжептәуір тереңдетіп, жетілдіргені байқалатынын айтады. Сабақтарда оқушыларда қарым-қатынас дағдылары, ұйымдастыра білуді дамыту үдерісін белсендендіруге мүмкіндік беретін өзара оқыту стратегиялары қолданылады.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар оқу-тәрбие үдерісінің заманауи формалары мен ұйымдастыру әдістеріне үйренген педагогтердің алдағы жұмысын жайына қалдыруға болмайды. Бұл педагогтерге өзара қарым-қатынас жасауға, тренерлермен қашықтық кеңестерді жалғастыруға мүмкіндік беру керек, олар үшін семинарлар мен конференциялар өткізу қажет. Жүйелі және жоспарлы жұмыс қана біліктілікті арттыру жүйесін жаңғыртуды қарастыратын мақсаттарды жүзеге асыруға ықпал ететін болады.
«Дөңгелек үстел» қорытындысында сертификатталған мұғалімдердің практикалық  жұмысына біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасын енгізу мақсатында «Өрлеу» және педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінің алдағы бірлескен жұмысы бойынша ұсынбалар жасалды
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (31.10.2013)
Просмотров: 526
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2017
Сделать бесплатный сайт с uCoz