Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 26.04.2024, 18:37

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Біліктілікті арттыру жүйесіне халықаралық тәжірибені кіріктіру қазақстандық білім беру сапасын арттырудың шарты.

Біліктілікті арттыру жүйесіне халықаралық тәжірибені кіріктіру қазақстандық білім беру сапасын арттырудың шарты.

 Қазақстанның кемел келешегі ұрпағымыздың қолында. Жас өскелең ұрпақтың болашағы  шебер  педагогтардың игі істерінен көрініс табуда. Тәрбие мен тәлімді қатар меңгерген  тұлғаның білімнің биігіне шарықтауына педагог мамандар зор үлес қосуда. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасы педагогтарға жаңа міндеттермен бірге, үлкен сенім артып отыр.    Бүгінгі күні Қазақстанның заманауи білім беру жүйесі үшін өзекті мәселелердің бірі - оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де шығармашылық әлеуетін арттыруды қамтамасыз ету, оларға әдістемелік қолдау көрсету, үздіксіз білім беру болып табылады.  Мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдарының Педагогикалық шеберлік орталығы  Кембридж университетімен бірге әлемдегі ең үздік білім беру бағдарламалары негізінде ұстаздар біліктілігін арттыру курстары облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамының еншісіне тиіп отыр.  Бәсекеге қабілетті білім беруде педагог мамандарымыздың шеберлігі, іскерлігі, біліктілігі және сауаттылығы өте маңызды орын алады, міне сондықтан да  жиырма тоғызыншы наурызда  Көкшетау қаласындағы №1 Құрылыс - техникалық колледж базасында  Ақмола облысының Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері мен Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері бірігіп «Заманауи мұғалім: кәсіби қызметі өзгеруінің бағдарлары» атты облыстық семинар-практикумын өткіздік. Бұл семинардағы пленарлық отырысты  Ақмола облысы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалының директоры  Е.Т.Исимбаев, Білім Басқармасының басшысы Б. С. Ізбасарова құттықтау сөздерімен ашты, сонымен қатар,  ДБО аяқтаған мұғалімдер өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда төрт секция, төрт шеберлік сыныптары және сегіз диалогтік алаңшалар жұмыс жасады. Бірінші «Коучинг және маниторинг – біліктілікті арттыру негізі» секциясында педагогтар коучингтік тәсілді білім беру ортасына енгізудің жолдарын қарастыратын болады, ол оқыту үдерісін барынша жекешелендіруге және коучингті мұғалімнің әдістемелік және кәсіби құзыреттілігін дамытудың ықпалды механизмі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. № 2 «Зерттеу қызметі арқылы мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру» секциясында зерттеушілік қабілетті, педагогтардың кәсіби қалыптасуына кепілдік беретін мәселелерді шешу ғылыми тұрғыдан қарау қабілетін қалыптастыруды жалғастыруға шешім қабылданатын болады. Осы секцияда Есіл ауданы №1 орта мектебінің мұғалімі Тутченко Юлия Владимировна, Щучинск қаласындағы мектеп интернатының мұғалімі Бондаренко Ирина Алексеевна   өз тәжірибелерімен бөлісті. № 3 «Мұғалім практикасындағы рефлексия» секциясының мұғалімдері педагогикалық рефлексияны дамыту бойынша теориялық және практикалық материалды жетілдіру – педагогтың кәсіби дамуының жағдайы шешіміне келеді. Есіл ауданы Красивинский орта мектебінің мұғалімі Аренова Асель Есмуратовна тәжірибесімен бөлісті. «Педагогикалық практикадағы Lesson study» 4-ші секция шеңберінде мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін мектептерде Lesson study немесе Сабақ – Зерттеу практикасын өткізуді кеңейту қажет, ол мұғалімдердің оқытушылық қабілеттерін ғана дамытып қоймай, сондай - ақ, мектеп пен мектеп желілері мұғалімдерінің кәсіби желілік қауымдастығы шеңберінде мұғалімнің зерттеушілік құзыреттілігін және мектеп қауымдастығының кәсіби оқушысын дамытуға да көмектесетін болады. Сонымен қатар, бұл семинар - практикумда  Педагогикалық шеберлік сыныптары «Оқыту үшін бағалау», «Сыни ойлауды дамыту», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» тақырыптары бойынша жұмыс жасады.  Атап айтсам: Есіл ауданы С. Сериков атындағы орта мектебінің мұғалімі Көркембай Гүлдана, Көкшетау қаласындағы № 19 орта мектебінің мұғалімі Рақымбек Рымгүл Оразбекқызы «Оқыту үшін бағалау» тақырыбында,  «Сыни ойлауды дамыту» тақырыбында №3 Шортанды орта мектебінің мұғалімдері  Асауй Жаркынгуль, Калемшариф Харахат,  «Талантты және дарынды баларды оқыту» тақырыбында Шортанды ауданы №3 орта мектебінің мұғалімі Айят Церма, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында Көкшетау қаласындағы №1 орта мектептің мұғалімі Билялова Гүлнар Алтынбековна, Жарқайын ауданының мұғалімі Сайфулина Тлеулес Камешевна, Көкшетау қаласындағы «Таңдау» мектеп гимназиясының мұғалімі Джаркина Сания Масгутовна шеберліктерімен бөлісті. Диалогтік алаңшаларда  Коршунова Н. В., Хохлова И. А шеберлік сабақтарын көрсетті.

Мұғалімнің кәсіби дамуы алдымен оның құзыреттілігінің болуына байланысты. Сондықтан құзыретті мұғалім әр сабағына өздігінен білім меңгерудің, ізденіс пен жемісті еңбектің қайнар көзіне айналдырғанда ғана, талапқа сай мұғалім болу мәселесі шешіледі. «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - дейді Жүсіпбек Аймауытов. Міне, осындай семинарларда жасап жатқан жұмысымыз заман талабына сай, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуде  және білім беруде оң нәтижелер берері сөзсіз.  

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Өмір бойы білім алу - әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», деп көрсеткендей,  бұл дәуірде өзгермеген мұғалім - өз қатарынан қалыс қалған мұғалім. Оны  қарқыны қатты, күн сайын жаңарып жатқан ХХІ ғасырдың өзі талап етіп отыр.

Абдрахманова Р.Т. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

«Ақмола облысы бойынша  педагогикалық

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» 

Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері.

Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (01.04.2014)
Просмотров: 1272
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz