Главная | Регистрация | Вход | RSSВоскресенье, 19.05.2024, 08:46

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

Біліктілік емтихан тапсыру
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен 2013 жылдың 19 мамыры  күні сағат 10.00-де Көкшетау қаласы  М. Ғабдуллин атындағы №3 ОМ базасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ және Кембридж  универститеті Білім факультетінің бірлескен  бағдарламасы бойынша үш айлық курстан өткен Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептерінің  181 педагогі біліктілік емтиханын тапсырды.  Бұл педагогтердің бәрі де Бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейінің сертификатын,  жалақысына 30%-дық үстеме ақы алуға үміктерлер. Осы күні барлық Республика бойынша  2271 мұғалім біліктілік емтиханын тапсырды.  2013 жылдың 2-22 мамыры кезеңінде «Назарбаев  Зияткерлік мектептері» Автономды білім  ұйымының «Педагогикалық өлшем орталығы» филиалының  экспертері  В.В.Рахмаил, М.К.Түйебаев тренерлермен және тыңдаушылармен  кеңесшілік, бақылаушылық жұмыстарын  жүргізді.
Үш айлық курста  181 педагогті институтымыздың сертификаттандырылған 7 тренері жан –жақты 7 модуль бойынша теориялық білім берді. Сол сияқты курстың бірінші кезеңінде ағылшын тьюторы  Brian Lane «Өзгермелі әлемге мұғалімді дайындау» дәрісін оқыды. 
Курсты аяқтау кезеңі, ол біліктілік емтиханын тапсыру. Біліктілік емтиханы мұғалімдерді бағалаудың қорытынды рәсімдерінің бірі болып табылады және бағдарламаның барлық негізгі идеялары мен модульдерін қамтитын тест сұрақтарынан тұрады. Біліктілік емтиханы сыртқы бақылаушылардың қатаң бақылауымен ашық түрде өтті. Емтихан тапсырмаларын Халықаралық DHL пошта қызметі тікелей  емтихан өтетін орынға әкелді. Емтихан аяқталған соң, мұғалімдердің сұрақ және жауап парақтары «Педагогикалық өлшемдер орталығы» филиалына жеткізу үшін DHL өкілдеріне табыс етілді.
 2013 жылы 1 лекте оқыған облысымыздың 181 педагогі үш айлық оқыту курсын  аяқтаған тыңдаушыларымыз, тек қорытынды ұпайларын тосуда.
Біліктілік емтиханын тапсырған педагогтердің бәрі де үш айлық курстан алған  білімдерін  практикада пайдаланып,  еліміздің болашағын гүлдендіретін  балаларға арнайды деген үміттеміз.
  
Жазған:  Б.К.Алькенова
«Өрлеу» БАҰО ПҚ БАИ
Академиялық  бөлімнің  бас маманы
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (22.05.2013)
Просмотров: 1156
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz