«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының
филиалы «Ақмола облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жоспарына сәйкес
және балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі
2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру
мақсатында 2013 ж. 29 қазанында «Ақмола облысы мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарының жеке меншікті желілерінің дамуы: проблемалары және шешу жолдары»
атты облыстық семинар өткізілді
Семинарға
аудандық,қалалық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі мекемелерді жетекші ететін
әдіскерлер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары шақырылды.
Семинар барысында қарастырылған
мәселелер:
-
Ауыл жағдайындағы
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың «Балапан» бағдарламасы аясында жүзеге
асырылуы;
-
Мемлекеттік-жеке
меншікті әріптестікті дамытудың болашағы мен мүмкіндіктері;
-
Мектепке дейінгі
білім беру технологияларының тенденциялары мен қазіргі заманғы жағдайы;
-
Баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде
отбасының қатысуын қамтамасыз етуі.
Алқалық отырысты «Өрлеу» біліктілікті
арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директордың оқу-әдістемелік жұмыстары
жөніндегі орынбасары Акишева Айсұлу Кенесқызы
құттықтау сөзімен ашты.
Отырыс барысында «Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ» мұғалімнің
кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының аға
оқытушысы Джакупова Шынар Сұнғатқызы
мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерімен біліктілікті арттыру жүйесінде
жаңа жұмыс түрлері , Көкшетау
қаласының № 37 «Аленушка» мектеп-бақшасының тәрбиешісі Гарифулина Зинфира
Хабибулловна, балаларды ерте
жастан Монтессори әдістемесімен оқыту, Ақкөл ауданы №3 балабақша әдіскері Егерь Марина Ивановна мектеп жасына дейінгі балалардың
әлеуметтік-тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін Вальдорф педагогика жайлы
баяндап берді.
Подиумдық пікірталас
«Little people» жеке-меншікті балабақша базасында үш бағыт
бойынша жалғасын тапты. Олар
төмендегідей:
I-бағыт: Балабақшада
педагогикалық ойлар мен жанашылдықтар марафоны II-бағыт: Қазіргі замаңғы
бала-бақша- ата-аналардың белсенді
назары мен қолдау орталығы ретінде.
III-бағыт: Педагогтардың
кәсіптік құзыреттілігі- мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру негізі ретінде.
I -бағыт бойынша,Зеренді ауданы, «Балауса»
балабақшасының әдіскері Бексеитова Анаргүл
Мажитқызы жаңашыл «Тәй-тәй» технологиясы бойынша оқу-тәрбие
жұмысын ұйымдастыру,
Көкшетау қаласы , № 37«Аленушка» мектеп-бақшасының
ОТЖ орынбасары Валиева Зульфия Равильевна мектепке дейінгі мекеме педагогтарының инновациялық әлеуетін дамытуда заманауи
тәсілдері туралы бөлісті.
II – бағытта Степногорск
қаласы №2 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі
Шаяхметова Асем Жұмабекқызы, әлеуметтік – мәдени орта мектепке дейінгі
білім беру мазмұнының негізі, Көкшетау қаласы
№3 М.Габдуллин атындағы мектеп-кешенінің мектепалды
даярлық сыныбының мұғалімі Алпысбаева Айман Сансызбайқызы, балаларды
мектепке дайындау барысында бейімдей ресурстарын дамыту және бекіту туралы баяндап берді.
III – бағыт бойынша Көкшетау қаласы «Little people» жеке-меншікті
балабақша меңгерушісі Ержанова Татьяна Мұратқызы, педагогтардың өздігінен білім алу мектеп жасына дейінгі
балалардың білім сапасын көтеру
факторымен бөліссе
«Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ» мұғалімнің
кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының аға
оқытушысы Жалмұқанова Жаңылсын Өтегенқызы біліктілікті арттыру жүйесінде
педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту
жайлы айтып берді.
Мектеп
жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ерен еңбегі үшін педагогтар
мақтау грамоталарымен марапатталды.
Хамзина Гауһар Орынғалиқызы,
Бурабай ауданының «Мерей» жеке меншікті
балабақша директоры,
Құлбаева Әйгерім Серікбайқызы,
Қорғалжын аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі,
Рахимберлина Ғалия
Беркімбайқызы, Көкшетау қаласы жеке меншікті «Балапан» балақшасының
меңгерушісі,
Егерь Марина Ивановна, Ақкол
ауданының №3 балабақшасының әдіскері,
Валиева Зульфия Равильевна,
Көкшетау қаласы №37 Аленушка» мектеп-бақшасының ОТЖ орынбасары;
Ержанова Татьяна Муратқызы, «Little people» жеке-меншікті
балабақшасының меңгерушісі;
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола
облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты» тығыз қарым-қатынас жасаған педагогтарға алғыс хаттар табыстады:
Гарифуллина Зенфира Хабибулловна, Көкшетау қаласы
№37«Аленушка» балабақшасының тәрбиешісі Бексеитова Анаргүл Мажитқызы
,Зеренді ауданы, «Балауса» балабақшасының әдіскері
Шаяхметова Асем Жұмабекқызы Степногорск қаласы №2
«Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі,
Алпысбаева Айман
Сансызбайқызы, Көкшетау қаласы №3
М.Габдуллин атындағы мектеп-кешенінің
мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Семинар сонында ұсынба, жинақталған тәжірибені
кітапша ретінде шығару туралы шешім
қабылданды
«Еліңді
ойласаң – бала тәрбиеле» деген , сол міндеттердің бірі – болашақ ұрпақ
тәрбиесіне жете қөңіл аударған облысымыздың мектепке дейінгі мекеме
педагогтарының ерен еңбектерінің арқасында
бүлдіршіндердің екінші үйіне арналған ұйымдар көбейіп,
«балапандарымыздың» болашақтарына нұр бітсін дегіміз келеді.
|