Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 17.05.2024, 11:08

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

26.12.2013

Еңбек тәжірибесінен өту бойынша есеп

 

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінде болып жатқан өзгерістер осы бағыттағы халықаралық тәжірибені зерделеусіз мүмкін болмас еді. «Өрлеу» БАҰО АҚ басқармасы қызметкерлердің әлемнің дамыған елдеріндегі еңбек  тәжірибесін мақсатты түрде өткізеді. Институттың 23 желтоқсандағы кезекті лездемесінде 2013 жылдың қараша-желтоқсан айларында іске асқан еңбек тәжірибесі қорытындылары бойынша есеп тыңдалды.

Оңтүстік Корея – Сейпиев Д.М., ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы

Франция – Акишева А.К., институт директорының орынбасары

Ұлыбритания – Кожанова К.Т., инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

Мамилина К.К.,  мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы

Австралия – Гельманова Б.Б., мониторинг және талдау бөлімінің бастығы. Еңбек тәжірибесінен

өткендер кеңейтілген есептер, бейнепрезентациялар  дайындап,  институт  қызметкерлерін әрбір елдің білім беру жүйесін ұйымдастыру тәжірибесімен таныстырды, әр елдің өзіндік ерекшелігіне нақты тоқталды,  әріптестерінен түскен сұрақтарға жауап берді. Алдағы уақытта  өз жұмысында пайдаланатын негізгі сәттерге тоқталды.

 

Институт кеңесі

24.12.2013 жылы он-лайн режимінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» Кеңесінің отырысы болып өтті. Оған  87 % аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттер қатысты.

Күн тәртібі

1.      Шағын жинақты мектепте оқыту және басқару жүйесін дамытуды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу.

Конкашев М. А., мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының меңгерушісі

Крамаренко Н.Е., ИДӘК бөлімінің бастығы

 

2.      Педагогтердің ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру: жұмыс түрлері, өзара әрекеттестік механизмдері.

Муканова Роза Акылбаевна, ақпараттық технологиялар

бөлімінің бастығы

           3. Педагогтердің мәртебесін арттыру бойынша А(Қ) ӘК жұмысы.

Степногорск қаласы А(Қ)ӘК меңгерушісі Зозуля Светлана Ивановна, Целиноград АӘК меңгерушісі  Байболатова Майра Кауашевна ,

Ергалиева Айгуль ЕрмухановнаЖаксы АӘК меңгерушісі

 

4.      Ақмола облысы педагогтерінің кәсіби деңгейін 3 айлық курстарда арттыру бойынша  жұмыс қорытындысы.

Иманова Алия Негметовна, Деңгейлік бағдарламалар орталығының басшысы

Ақмола облысының өзіндік ерекшелігі  мектептердің 82 % -ның шағын жинақты болуында.  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» курстық дайындық және курсаралық жұмысты жоспарлау кезінде бұған ерекше көңіл бөледі. МКД ППС кафедрасының меңгерушісі Конкашев М.А. және ИДӘК бөлімінің бастығы Крамаренко Н.Е. өз баяндамаларында ПҚ БАИ жұмысының негізгі бағыттары көрсетілген: ШЖМ педагогтерінің біліктілігін арттыру Университетінің жұмысын ұйымдастыру; ресурстық орталықтар- білім беру мектептерін ашу үшін құжаттар үлгілерін әзірлеу, білім үдерісінің ерекшелігін ескере отырып,  ШЖМ педагогтерінің біліктілігін арттырудың ОӘК дайындау (бірлескен сабақтар және сыныптық-сабақтық емес оқыту жүйесі), курстардың практикалық бағдарлылығы, Ақмола облысы ШЖМ-ін дамытудың тірек мектептер-ресурстық орталықтарын әдістемелік сүйемелдеу бойынша курсаралық жұмыс  және баспа қызметі.

Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы Муканова Роза Акылбаевна филиалдың Ақмола облысы педагогтерінің ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша жұмыс жүйесі туралы айтты.

Аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттер меңгерушілері:  Степногорск қаласы ҚӘК меңгерушісі Зозуля Светлана Ивановна,   Целиноград АӘК меңгерушісі Байболатова  Майра  Кауашевна  және    Жақсы АӘК меңгерушісі  Ергалиева Айгуль Ермухановна педагогтердің мәртебесін арттыру бойынша қызықты еңбек тәжірибесімен бөлісті.

Деңгейлік бағдарламалар орталығының басшысы А.Н. Иманова өз сөзінде деңгейлік біліктілікті арттыру курстарының проблемаларын көтерді

Кеңес жұмысының қорытындысы шығарылды және директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Акишева Айсұлу Кеңесқызы отырысқа қатысушыларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» Кеңесі отырысына қатысушылардың баяндамаларын тыңдай және талқылай отырып, Кеңес шешім қабылдады:

1.      2011-2020 жылдарға арналған ҚР БДМБ шағын жинақты мектептерінің инфрақұрылымын дамыту туралы ұсынымдарын жүзеге асыру мақсатында   ШЖМ педагогтерінің біліктілігін арттыру жұмысын жалғастыру.

2.      Шағын жинақты мектептер –эксперименталдық алаңшалар тәжірибесін зерттеу және талдап қорыту.

3.      Тірек мектептер –ресурстық орталықтар жұмысын әдістемелік сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыру.

4.      Баспа жұмысын жоспарлау кезінде шағын жинақты меткептер педагогтеріне арналған  әдістемелік құралдар, жинақтар мен кітапшаларға ерекше көңіл бөлу.

5.      А(Қ)ӘК шағын жинақты мектептер педагогтерінің ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігі жылдамдығының мониторингісін өткізу, ШЖМ педагогтері мен әкімшілігінің элеткронды оқыту бойынша курстық дайындықтан өтуі үшін жағдай жасау.

6.      А(Қ)ӘК меңгерушілерінің  ШЖМ  мұғалімдерінің деңгейлік курстардан өтуі үшін іріктеуді ерекше бақылауға алуын ұсыну.

7.      А(Қ)ӘК Степногорск, Жақсы және Целиноград аудандары педагогтерінің мәртебесін арттыру бойынша іс тәжірибесін пайдалануды ұсыну.

8.      2013 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ-мен» ынтымақтаса өнімді жұмыс жасаған келесі А(Қ)ӘК-тер атап өтілсін: Атбасар, Буланды, Бурабай, Есіл, Степногорск, Целиноград  және    Көкшетау қаласы педагогтері.

Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (26.12.2013)
Просмотров: 997
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz