Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 17.05.2024, 09:42

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

2013 жылдың 1 қарашасынан бастап
·     2013 жылдың 1 қарашасынан бастап, «Өрлеу» БАҰО  АҚ  филиалы «Ақмола  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының құрылғанына бір жыл толуы аясында Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары бойынша оқыған педагогтердің «Менің жаңа формация мұғалімі ретінде қалыптасуым» атты облыстық қашықтық эсселер конкурсына қатысуға тілек білдірген мұғалімдердің жұмысын қабылдауды бастады.   
Эсселер конкурсының негізгі міндеттері:
 Үздік педагогикалық тәжірибені тарату;
 Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау;
 Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Бағдарламасының жеті модулін (үшінші негізгі деңгей) енгізу бойынша педагогикалық идеяларды іздеу. 
20-25 қараша аралығында  әділ-қазылар алқасы жұмыс істейді, ал 29 қарашада конкурс қорытындысы шығарылады. Конкурс жеңімпаздары дипломдар және алғыс хаттар алады.
Конкурс қорытындысы бойынша Деңгейлік бағдарламалар аясында оқыған педагогтердің кәсіби дамуын көрсететін кітап жасау жоспарлануда. Аталған конкурс бізге Деңгейлік бағдарламалар  аясында оқыған педагогтердің тәжіибесін насихаттауға және жария етуге, ынталандыру жүйесінің жұмыс жасауын қолдауға көмек береді деп ойлаймыз.
·     4 қарашада  кезекті топтарды  Кембридж  бағдарламасы бойынша  үшінші базалық деңгейінің екінші «бетпе-бет» кезеңін  оқыту   басталды. 8 топқа 190 тыңдаушы жиналды, оның ішінде 6 топта 135 мұғалім   қазақ тілінде оқытылуда. Педагогтармен институттың 8 тренері жұмыс істеуде. Бұл курстың екінші кезеңінде Кембридж университетінен Brian Lane  тыңдаушыларға дәріс оқып, кеңес береді. Сол сияқты тыңдаушылар  осы айда портфолио қорғауға, біліктілік емтиханын тапсыруға дайындық үстінде.
·     Қарашаның  4-8 аралығында Астана қаласының №2 ДБАМИ базасында  Целиноград ауданы №5 ОМ және Аршалы ауданы №2 ОМ мұғалімдеріне арналған  және  Шортанды ауданы №3 және №1, Ақкөл ауданының №3 ОМ пән мұғалімдеріне арналған электронды оқулық бойынша «Управление обучением в системе электронного обучения «E-Learning» в организациях образования» атты тақырыбында курс өтуде.
·     Есіл ауданы №7 АТК базасында «Кәсіптік білім берудегі дуальді оқыту жүйесі» тақырыбында білім беру мекемелеріндегі арнайы пәндер және өндірістік оқыту мастерлерінің курсы өтіп жатыр. Сабақты мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы С.Ж. Омарова, Н.Б.Магауин жүргізуде.
·     «Бүкіл өмір бойы оқыту: салт-дәстүрлер, жаңалықтар, перспективалар» Халықаралық Форумның материалдары басып шығарылды.
 
 
 
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (07.11.2013)
Просмотров: 679
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz