Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 17.05.2024, 04:05

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

«12 жылдык оқыту жағдайында гуманитарлық цикл пәндерін оқыту»
«12 жылдык  оқыту жағдайында гуманитарлық цикл пәндерін оқыту»
тақырыбында өткен облыстық ғылыми-практикалық конференция туралы 
 
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы  Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ic-шаралар жоспарына сәйкес,   2013 жылдың 04-05 наурызы  аралығында     Көкшетау қаласындағы Ақмола  облысы  бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институтының базасында «12 жылдык  оқыту жағдайында гуманитарлық цикл пәндерін оқыту» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция  өтті.
Конференция  жұмысына  Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері (80 адам), білім басқармасы мен қалалық, аудандық білім бөлімдерінің мамандары (6 адам), институт оқытушылар (20 адам), барлығы 100  астам адам  қатысты.
Конференцияның  мақсаты: 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің  үздіксіз біліктілігін арттыру сапасын жетілдіру.
 
Конференцияда  қаралған өзекті мәселелер негізінде баяндамалар тыңдалды:
    
Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры Исимбаев Еркін Тұрашұлы: «Білім сапасын жаңартудың негізгі-тұлға құзырлылығы»
    Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік уинверситетінің оқытушысы, п.ғ.к Локтионова Наталья Петровна: «Роль учителя-словесника в 12-летней школе»,  осы оқу орынның аға оқытушысы Төлепбергенов Ғалымтай Мәлікұлы: «Обновление контента школьных учебников истории в условиях перехода на 12- летнее обучение»
 
Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлы) пәндерді оқыту әдістемесіжәне инновациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Өтебаев Жақсылық Құланұлы: «12 жылдық  мектеп жағдайындағы педагогтардың кәсіби тұлғалық даярлығы» тақырыбында баяндамалары тыңдалды.
Конференция барысында он-лайн режимінде әдістемелік видео-мост өткізілді, онда Атбасар аудандық әдістеме кабинетінің меңгерушісі Роза Балгенжиновна  аудан көлемінде істелініп жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
Конференция жұмысы аясында: үш секция өткізілді.
1 секция: «Тұлғаға бағытталған білім беруді орта буында жүзеге асырудың өзектілігі».
2 секция: «Формирование функциональной грамотности учащихся на уроках русского языка и литературы в условиях современной школе».
3 секция: «Полиязычие как фактор успешного вхождения в мировое образовательное пространство» тақырыбында өтті.
  Конференцияның материалдары  жинақталып кітапша ( I, II бөлім) болып баспадан шықты. Семинардың жұмысы барысында ұсыныстар қабылданды.
Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (11.03.2013)
Просмотров: 737
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz