Главная | Регистрация | Вход | RSSПятница, 17.05.2024, 10:25

Акмолинский Филиал АО НЦПК "ӨРЛЕУ"

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [104]

Новости

Главная » Статьи » Мои статьи

12 желтоксан 2013 ж.
 2013 жылдың 11 қарашасында деңгейлік біліктілікті арттыру курстары түлектерінің курс бағдарламасы идеяларын практикаға енгізуі мәселелері бойынша педагогикалық қызметін ұйымдастырушылық және әдістемелік сүйемелдеуді іске асыру мақсатында Ақмола облысының сертификатталған 1,2,3 деңгей мұғалімдерінің «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлер мен өзгерістер» облыстық семинары болып өтті.    
Семинар модераторлары: облыстық білім басқармасы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ және Көкшетау қаласындағы ПШО филиалы.  Семинар НЗМ АҚ тәжірибесін тасымалдау бойынша тірек мектеп болып табылатын №6 орта мектебінде өткізілді.  
Пленарлық отырыста сөз сөйлегендер: Шеленжек Е.А. – Ақмола облысы білім басқармасы бастығының орынбасары, Иманова А.Н.– «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының басшысы, Рахымжанова Б.К.- Көкшетау қаласы ПШО филиалының директоры, Әдей Жайнагүл – Көкшетау қаласы №3 ДБАОММИ тарих пәні мұғалімі, Нугуманова С.Б.- Көкшетау қаласы №13 ЭМГ тарих пәні мұғалімі.
Семинар бағдарламасына төмендегі бағыттар бойынша үш секция жұмысы кірді:
1.  Коучинг   және  менторинг – педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру негізі;
2.  Зерттеу жұмысы арқылы мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру;
3.  Мұғалім практикасындағы рефлексия.
 
Секция модераторлары Деңгейлік бағдарламалар орталығы және ПШО тренерлері  болды: Уалиев С.С., Иманова А.Н., Мусина А.Д., Котова Н.В., Жуманбаева А.О., Абдрахманова Р.Т. 
Тренерлер: Омарова С.Ж., Дигенова Б.К., Суюндыкова Б.С., Самуратова Р.Т.,  Аембаева А.Е., Абдрахманова Р.Т., Котова Н.В., Мусина А.Д., Журба Л.В. төмендегі тақырыптар бойынша диалог алаңшаларын ұйымдастырды:
1.    
Lesson study педагогикалық тәжірибеде;
2.     Мұғалім көшбасшылығы. 
Семинар барысында педагогтер педагогикалық қызметтің сынып және мектеп деңгейіндегі маңызды және өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасуға, кәсіби сұрақтарды шешуге мүмкіндік алды
Семинар қорытындысы бойынша деңгейлік курстарды практикада жүзеге асыру бойынша педагогтердің алдағы жұмысына ұсынымдар қабылданды
Аталған семинар мұғалімдердің кездесуі және пікір алмасуы ғана емес, сонымен қатар облыстың сертификатталған мұғалімдерінің өнімді жұмысы үшін алаңша болды. Мұғалімдер  пікіріне сүйенсек,  мұндай кездесулер атқарылған жұмыстың қорытындысын шығаруға, жинақталған тәжірибемен бөлісуге және мұғалім шеберлігін  дамытудың өзекті мәселелерін бірлесе шешуге мүмкіндік береді.
 
  
«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалының «Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ» 2013 жыл жоспарына сәйкес sabak.kz сайтында akmolipk бөлмесінде                      11 желтоқсанда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін, әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында және АКТ-ны оқыту үдерісінде қолданылуында педагогикалық шеберлігін ынталандыру мақсатында, ақпараттық технология бөлімінің мамандарымен  «Оқушылардың ақпараттық оқыту жағдайында жеке тұлға болып қалыптасуы» атты тақырыпта он-лайн вебинар өткізді.
Семинар қазақ, орыс тілінде болды.  
         Он-лайн вебинарға қатысуға Ақмола облысы бойынша жалпы білім беретін мектептердің информатика мұғалімдерімен ЭОЖ жобасының координаторлары шақырылды, жалпы қатысушылар саны 18, олар:
Аршалы ауданы- Константиновка ОМ, Астрахан ауданы – Колутон ОМ, Новочеркасска ОМ, №2 Астрахан ОМ, Есіл ОМ, Староколутонка ОМ, Новоколутон ОМ, Атбасар ауданы – АББ, №1 Атбасар ОМ, №3 Буланды ОМ, Зеренді ауданы – АББ, №1 Зеренді ОМ, №2 Зеренді ОМ, Куропат ОМ, Зеренді ауданы Шағалалы ОМ, Айдабол ОМ, №1 Есіл ОМ, Сандықтау АББ, Степногорск қ. – ҚББ, №6ОМ.
Вебинардың ашылу салтанатын ақпараттық  технология бөлімінің бастығы Р.А. Муканова сөз бастады.
Семинардың бағдарламасында төменде көрсетілген сұрақтар бойынша баяндамалар тыңдалды:
1.     2020 жылға дейін ҚР білім жүйесін ақпараттандыру туралы стратегия.
2013 жылда Ақмола облысы бойынша біліктілікті арттыру жүйесіне электрондық оқытуды енгізу әдіснамасы- Муканова Р.А.
2.     Оқыту үрдісінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – Шокимова С.А. , ақпараттық технология бөлімінің бас маманы.
3.     Методика развития медиакомпетентности учащихся средствами мультимедиа-технологий – Омарова А.Б., главный специалист отдела ИТ.
4.    
Опыт внедрения электронного обучения в Южной Корее г.Сеул. – Сейпиев Д.М., главный специалист отдела ИТ. 
Семинардың қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар қабылданды:
1)    Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқу үдерісіне дайындық сапасын жақсарту.
2)    Оқу үдерісінде АКТ қолданушылар бойынша педагогикалық тәжірибені қолдану, жинақтау және тарату.
3)     Озық инновациялық технологияларды енгізуде педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау / сайыстар, олимпиадалар, конференциялар/;
4)     Жергілікті және ғаламдық компьютерлік желі мүмкіндіктерін белсенді қолдану ( желілік ресурстарға рұқсат,  сонымен бірге,  оқу материалдарына, өз жұмыстарын орналастыру және т.б.)
5)    «Жаңа талапқа сай, мектеп пен оқушы үлесі» көрсеткішін төмендету немесе айқындау мақсатында Ақмола облысы бойынша жалпы білім беретін мектептерде ресурстармен қамтылу деңгейі бойынша кешенді анализ өткізу 
(кадрлық, материалды-техникалық, ақпараттық, оқу)
            Он-лайн семинардың тақырыбы бойынша оқылған баяндаманы тыңдау барысында  вебинарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасында чат арқылы қарым-қатынас болды.
Он-лайн семинардың қорытындысы бойынша ақпараттық технология мамандары педагогтардың біліктілігін толассыз арттыру жүйесінде осындай семинарлардың тиімділігін растады. Семинарға қатысушылар ақпараттық технология бөлімінің мамандары он-лайн семинардың  маңыздылығын және жоғары деңгейде дайындығын көрсете кетті. Аталмыш вебинарларды өткізу тәжірибелері жаңа форматты мұғалім дайындауда, қазыргі білім жүйесінде маңызды болып табылатын мәселелерді шешуде, әлбетте, өз үлесін қосатыны анық.

Категория: Мои статьи | Добавил: ipkorley (12.12.2013)
Просмотров: 1019
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz